Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет49/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

Құрметті отандастар!
Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді.
Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да 
лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.
Мен сіздерге –
жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға 
тиіссіздер.
Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп
-
өнулеріңіз үшін барлық жағдайды 
жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын 
құрдым.
Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.
Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар –
сіздердің ата
-
аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.
Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз –
ата
-
аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен 
туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің 
Отанымыздың табысы.


5. МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ
Біздің мақсатымыз –
 
мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру.
Ол
қоғамға қызмет 
ету
мен
мемлекеттілікті нығайтудың
жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек.
Қойылатын мақсат –
жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін 
күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырмам:

Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, 
жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау.

Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң 
жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет.

Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық жағдайларды күні бұрын 
тиімді түрде біліп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет