Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет екенін ерекше атап өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтқан маңызды тапсырмасын және 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауын басшылыққа ала отырып, жас бүлдіршіндердің шығармашылық бағытта дамуына қолдау көрсету сіз бен біздің басты міндеттеріміздің бірі болмақ.
Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің тарихы мен дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңіріп өскен дарынды жастарды тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қоры 04.04. – 20.05.2022 жыл күні аралығында «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛДАРЫ» атты мектепке дейінгі даярлық және балабақша тәрбиеленушілеріне арналған IV республикалық байқау (онлайн) ұйымдастырып отыр.
Осыған орай, Өзіңіз басқарып отырған Алматы облысындағы мектепке дейінгі даярлық және балабақша тәрбиеленушілеріне байқау ережесін таныстырып, қатысуы үшін қолдау білдіруіңізді сұраймыз.