теп директоры соңғы қоңырау
соғыларда: «Тәке, алтын
медальдің құны кемі бір семіз
тоқты ғой» деп қалжың айтқысы
келіп еді, «Тоқтыны түсіңде
көрерсің» деп қағып тастады.
Директор ығып қалды. «Бәлкім,
оқу бөлімінің бастығына баспақ
беретін шығармын» дегенді
қосып қойды. «Тәке, қалжың
ғой» деп ытқып кетті. «Осы жұрт
Таңсықбайды бір күн біреудің
отынын, бір күн шөбін түсірген
қара жаяу санайды. Дегенмен,
бойында бірдеңе бар. Газетті құр
жібермейтін қағілез дейді. Үш
жыл атты әскерде болған деп
те естіп қалғам. Қой, бәлесінен
аулақ, – деп директор қышыған
ернін қымқыра тістеніп, біраз
жерге дейін қорқасоқтап барды.
– «Бәледен машайық қашыпты».
Үйге келгесін де, «Егер осыны
сөз ғып жатса, қалай тойтарыс
берем» деп Таңсықбайдың
жекжат-жұрағаттарын тегіс
түгендеп, көз алдынан өткізді.
«Өзі ағайынның тілін алатын
адамға ұқсамайды». Тік мінезін
көзбен көрген ол «ауыз айтқыш,
тіл – жылан» деп өзін-өзі сөгіп,
түнімен дөңбекшіп ұйықтай ал-
май шықты.
Бала алтын медаль алып,
Алматы емес, Мәскеудің
Тимирязев атындағы Ауыл
шаруашылығы Академиясына
түсіп қайтты. Онда да агрономия
факультетіне. «Осы ауылдың
күріші мен бидайына енді сенің
балаң ие» деп тамыр-таныстары
екі-үш бөтелке «Мәскеу
айрықшасының» тығынын
ашқызды. «Көрерміз, әуелі
оқуын тауыссын» деп
жақсы тілекке жылы шырай
білдіргенмен жіби қоймады.
Таңсықбайдың пешенесіне
құдай жапонмен құда болу-
Достарыңызбен бөлісу: |