Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы



бет1/9
Дата23.09.2022
өлшемі38,1 Kb.
#40021
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы
Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. 
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мәселен, жолдауда білім саласына айырықша көңіл бөлінген.
Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет»,- дейді. Осыған қарай отырып, Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзгеге үлгі екендігін айтып отыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Бірақ біз осы межені місе тұтып тұрып қалмай, ел страгегиясын қолдап, оның одан әрі дамуына үлес қосуымыз қажет. Біздің мектебіміз де осы мақсатты дұрыс түсініп, «Үш тұғырлы тіл саясатын» қолдап, оқушыларымыз үш тілде еркін қарым-қатынасқа түсіп, техникалық білімдерін тереңдетуде. Биылғы мектеп бітірген түлектеріміздің 90 пайызы техникалық мамандықтың білім-гранттарын жеңіп алған. Бұл да елімізде жетіспей жатқан техникалық мамандықтардың орнын толтырады деген сөз.
Мемлекеттік тілге оралатын болсақ, осы тілді білуге деген құштарлық биылғы жылы 10 пайызға артты деп Президентіміз атап өтті. Мұндай өдеріс біздің мектептен де байқауға болады. Мектеп ұжымы жыл сайын аптасына 2 рет қазақ тілінен оқу-курстарына қатысып, «Қазтест» орталығы арқылы тест тапсырып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген қызығушылықтары артып келеді.
Ендеше, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық болып ат салысуымыз қажет. Ол әрбір ата-ана, оқушы, ұстаз болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етуіміз керек. Сонда ғана ісімзі берекелі де мерекелі болмақ.
Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет