Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы



бет8/9
Дата23.09.2022
өлшемі38,1 Kb.
#40021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Маратова Регина
- Менің ойымша, барлық халық осы Жолдауды естіп, өз өмірін жақсартуға тырысады. Өміріміз бітпеді, өміріміз әлі алда деп позитивпен жаңа күш алдық. Болашақтағы Қазақстан 30 дамыған мемлекеттеріне кіреді деп сенемін. 30 дамыған мемлекеттерге кіру үшін барлық халқымыз үлес қосу қажет.
Қабжан Шыңғыс
- Қазақстанның осы дәрежеге жеткеніне мен қуаныштымын. Және «Expo- 2017» бізде өтеді: таза жаңа күн энергиясын пайдаланамыз деп үміттенемін.
Қасым Дина
- Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген. Қазіргі кезде жалпы мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл мақсатқа жетуге болатынын біздің көзіміз жетті. Бұған «Қазақстан-2030» стратегиясы куә. Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы - болашақ ұрпақтың қамы.
8 «В» сынып оқушылары
«Алатау» Шаңырағы
Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Ф.Н. Мухамедьярова


Үкілі үміттің тірегі
Елбасының "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа арналған Жолдауын мен де теледидардан зор ынта-ықыласпен тыңдадым және бұқаралық ақпарат құралдарынан да оқыдым. Өзіміз жеткіншек бала тәрбиелеп отырғандықтан Елбасының болашақ жастарға үлкен аманат жүктеуі біз үшін өте маңызды.
"Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Болашаққа деген үкілі үміттің тірегісіңдер. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін" деген сөздері жастарға рух береді, жауапкершілікті, үкімет тарапынан қолдауды сезінуіне үлкен әсер етеді.
Мемлекет жастардың білімді болып шығуына, білікті маман болуына көп мүмкіндіктер жасауда. Осыған әлемде теңдесі жоқ Назарбаев университеті, зияткерлік мектептердің ашылуы дәлел емес пе. Осы оқу орындарында оқып білім алып жатқан балалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, инновациялық технологияларды дамытатын жеткіншіктер.
Қазақстан – бүкіл әлемге әйгілі. Алдағы өтетін Экспо-2017 көрмесі бірлігі жарасқан елімізді одан әрі бүкіл әлемге паш етеді. Осы Жолдау қазақстандық жастардың биік белестерден көрінуіне жетелейтін жарқын жол іспеттес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет