Әйгерім Әйтім,
12 «В» сынып оқушысы,
шаңырақ «Алтын Емел»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.
Елбасы бұл жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге әруақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар.
Елбасы өз жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады.
Елбасының бұл кемеңгер ойын барлық қазақстандықтар түсініп, қолдайды деген ойдамын. Өйткені стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен ықпалдасу біздің еліміздің экономикалық дамуына зор ықпалын тигізеді. Бұл қадам арқылы қазақстандықтар жаңалықты меңгереді, шыңдалады, тәжірибе жинақтайды, бір сөзбен айтқанда, еліміздің басқа шет елдермен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, терезесін теңестіреді.
Қазіргі уақытта еліміздің кейбір ғалымдары өз жобаларының аясына бірен-саран шетелдік ғалымдарды тартып, бірлесе жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Алайда бұндай қадамдар баяу түрде іске асып, саны жағынан да саусақпен санарлықтай ғана.
Елбасының келешек ұрпағымыздың өсіп-өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдары өте мол. Еліміздің балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына арналған стратегиялық білім беру бағдарламалары жастардың білім мен ғылым жолында жан-жақты дамуларына, жаңа өзгерістерге төтеп бере алатын, заманауи техниканы меңгерген, өз ісінің шеберлері ретінде қалыптасуларына мүмкіндіктер беріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясаты біздің еліміздің болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Елбасы елдегі көп ұлттың қамын ойлай отыра, тіл саясатына аса жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, қазақ тілін жаңғырту үшін әліпбиімізді латынға көшіру қадамын – зиялы қазақ халқы аса қуанышпен қолдайтынына сенімдімін.
Мемлекет тарапынан қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жасалып жатқан ізгі іс-шаралар мемлекеттік тілдің тұғырын нығайта түсіп, қазақ тілінің, шын мәнінде, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне жол ашады деген Елбасының болжамы Қазақ Мемлекетінің құрылуына әкеледі.
Қазақ мемлекетінде өмір сүру, еңбек ету өз Отанын сүйетін әрбір азаматтың, әсіресе, жаңа буын қазақстандықтардың арманы шығар деп ойлаймын.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Ғылым және коммерцияландыру орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Омарова София Қажыақпарқызы, Айгерим Омарованың анасы («Алтын Емел» шаңырағы)
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын шын ықыласпен қабылдады. Елбасының дәстүрлі Жолдауы барлық әдістемелік бірлестіктер отырысында қызу талқыланды. Мектеп ұжымының отырысында мектеп директоры Нұрпейісов Сағат Елубайұлы Жолдаудың негізгі ерекшелігі мен ең маңызды мәселелері туралы өз пікірін білдірді.Талқылау барысында әріптестер өз ойларымен бөлісті.
Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі – стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз делінген Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», - деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгіміндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.
Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасызету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. Елбасы ұсынғанелімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзінжақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.
Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», – деп Президент ел бірлігінің басты белгісі – қазақ тілі екенін баса атап өтті.
Елбасы сөз соңында: «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойғасіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқыұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», – деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.
Елбасының еліміздің алдында қойған ұлы міндеттер орындалары сөзсіз, біз Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |