Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы



бет3/9
Дата23.09.2022
өлшемі38,1 Kb.
#40021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тарих пәнінің мұғалімі
Амангелді Сатиев

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы экономикалық бағыттың тағы да алынбаған белестері мен өсуін айқындап, ұлттық экономикаға немқұрайлы емес жандарды ширақ, әрі батыл қадамдар жасауға шақырды. Соның ішінде, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу қажет.


Әлеуметтік салаға Елбасы әр жылғы Жолдауында айрықша көңіл бөледі. Білімгерлердің шәкіртақысы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, зейнетақының жылдан-жылға көбеюі өте қуантарлық жағдай. 
Ең маңыздысы, еліміздің патриоттық рухын көтеретін, үлкен ауқымды мақсаттарға жетелеп жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бір серпін күш беретіні сөзсіз.
Экономика пәнінің оқытушысы
Мукушева Алма Мерекеновна 
Жүрегімізге ерекше жол таба білген – Елбасы Жолдауы
Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Жылдың аяқталуына екі апта қалғанда Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнаған болатын.
Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бір жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.
Ұлт көшбасышысы осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғанын айтты. Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз - жөнді құбылыс.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»,-деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Мен тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу - абыройлы іс деп білемін. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.
Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің де стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Бір қуантқаны, 12 жылдан соң латын әліпбиіне көшеміз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Пэрезиденті:
- Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады. Ұлттық мүдеге қызмет істеу үшін өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе? Тағы да қайталап айтамын, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеуі тиіс.
Қысқасы, алдағы 38 жылға арналған бұл құжат - Отанымызды кемел болашаққа апаратын, қиын жолымызда бағыт-бағдар сілтейтін жол серігі.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жастар да зор ынта-ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек.
Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын.
Тәуелсіздіктің тап бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ...
Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.
Қазақстан көркейе берсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет