Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет131/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

Ертегілер 
Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс 
көптеген  түрлерінің  болуы  және  айырмашылығы  мен  ұқсастықтары. 
Ертегілердің  жиналуы  мен  зерттелуі,  өзіндік  ерекшеліктері.  Ертегілердің 
халықтық  сипаты,  ондағы  қиялдың  шығу  негіздері,  шындыққа  қатысы. 
Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері.  
Хайуанаттар  жайындағы  ертегілер.  Пайда  болу  жолдары.  Ондағы 
миф  пен  тотимистік  түсініктің  көрінісі.Астарлау  /иносказание/  мен 
кейіптеудің  /олицетворение/  атқаратын  қызметі.  Әлеуметтік  сипаты,  идеясы 
мен  образдары.  Сюжеті  мен  тақырыбына  қарай  хайуанаттар  ертегілерін 
этнологиялық  /«Үркер»,    «Хайуандардың  жыл  басына  таласуы»,  «Қоянның 
құйрығы  неге  қысқа,  түлкінің  құйрығы  неге  ұзын»  т.б./  ,  классикалық 
/«Арыстан,  қасқыр,  түйе,  түлкі»,  «Батыл  есек»,  «Арыстан  мен  түлкі», 
«Айлакер  тышқан»  т.б./  жіктелуі.  Сатира  мен  юморлық  сипаттың  басым 
болып  келуі.  Көркемдік  ерекшеліктері  мен  стилі:  композициясы,  сюжеттің 
тізбекті  /кумулятивті/  құрылымы,  ирония,  диолог,  қара  сөздің  өлеңмен 
ауысып  келуі  /«Бес  ешкі»,  «Айлакер  түлкі»,  «Бозінген»,  «Бақа  мен  кірпі» 
т.б./. 


 
76 
Қиял-ғажайып 
ертегілер. 
Жанрлық 
ерекшеліктері. 
Олардың 
сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Ежелгі замандардағы түсініктер 
мен  наным  –  сенімдердің көрінісі.  Әлеуметтік  процестердің  бейнеленуі  мен 
образдар жүйесі. Бас қаһарман және оның оқиғалар топтастырудағы қызметі. 
Оқиғаның сапарнамалығы /«Ер Төстік», «Адам білмес тас», «Күн астындағы 
Күнекей  қыз»/,  фантастикалық  және  мифтік  кейіпкерлер.  Тақырыптың 
құрамының әр түрлілігі. Әлеуметтік  теңсіздік пен арман  –  тілегін /»Ұшқыш 
кілем», «Ұр тоқпақ», «Жеті өнерпаз», «Жігіт пен өнерлі қыз» т.б./, жауыздық 
пен  қас  күштерге  қарсы  күресті  /«Жалмауыз  кемпір»,  «Алтын  сақа», 
«Жақсылық бір Шіңкілдек» т.б./ бейнелеуі.  
Сюжеттердің  халықаралық  сипаты  және  оларды  жүйелеу  мен 
классификациялау. Сюжеттердің көрсеткіштері /указатели/. Қиял  – ғажайып 
ертегілердің  көркемдік  –  эстетикалық  бітімі,  композициясы,  іс  –  әрекеті, 
оқиғалардың  бір  сызықты  /однолинейность/  дамуы,  кездейсоқтығы  мен 
баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар.  
Батырлық  ертегі.  Бұл  топтағы  ертегілер  туралы  В.М.  Жирмунский, 
М.О.Әуезов,  Е.М.  Мелитинский,  С.Ю.  Неклюдов,  С.  Қирабаев  пікірлері. 
Батырлық  ертегілердің  тақырыбы  –  ерлік  пен  үйлену  және  неше  түрлі 
құбыжық  –  жауыз  күштерімен  соғысу  екендігі.  Негізгі  мотифтері: 
кейіпкердің  ғажайып  тууы,  өсуі.  Некелік  сынақтан  өтуі,  жаумен  соғысуы 
және  оның  жеңуі.  Қиял  –  ғажайып  ертегілері  мен  көне  эпосқа  қатысы.  «Ер 
Төстік»,  «Керқұла  атты  Кендебай»  ертегілерінің  идеялық  –  көркемдік 
ерекшелігі, сюжет пен композициясы.   
Новеллалық  ертегі.  Жанрлық  белгілері,  қиял  –  ғажайып  ертегілермен 
байланысы.  Шытырман  оқиғалы  болатындығы  және  ондағы  қиялдың 
/вымысл/  атқаратын  қызметі.  Тақырыбы  үй  іші,  ерлі  –  зайыптылардың 
адалдығы  /«Уәзірдің  қызы»,  «Мархума»/,  пайдалы  кеңес  беру,  ғибрат  айту 
/«Әке  өсиеті»,  «Үш  өсиет»,  «Әділ  патша  туралы  ертегі»/,  әртүрлі  қиын 
сәттерде  жол  табатын  ақыл  мен  тапқырлықты  /«Аяз  би»,  «Балтекей  бидің 
соты»/ дәріптеу болып келетіндігі. Композициялық құрылымы, көп эпизодты 
болуы, оқиғалардың өтетін жері мен кейіпкерлері. 
Сатиралық  ертегі.  Жанрлық  сипаты.  Қоғамдық  –  әлеуметтік 
қатынастар мен теңсіздіктердің, тұрмыс – тіршіліктің бейнеленуі. Сатира мен 
юмор.  Аңқаулық  пен  қулық.  Қожанасыр,  Алдаркөсе,  Тазша  бала  бейнелері. 
Әділетсіздікті  әшкерелеу:  бай,  молда,  қарақшы  образдары.  Стильдік 
ерекшеліктері: сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы, күлкілі жағдай.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет