78
болу себептері:генетикалық, қарым-қатынастың және типологиялық
ұқсастықтар. Қаһармандық эпостардағы халықтың саяси-әлеуметтік
жағдайының, жер-су, елді-мекен, тұрмыс-тіршілік, әдет-салт, рухани
тынысның сәулеленуі. Қаһармандық эпостың поэтикасы. Тізбектеп жырлау.
Негізгі мотифтер /ғажайып туылу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жекке шығу
соғысу, түс көру т.б./. Ұқсас жерлер /общие места/, қайталаудың түрлері.
Ауызша жырлау дәстүрі мен стильдің формулалығы. Өлең құрылысы,
аллитерация мен ассонанс.
Лиро-эпос
Лиро-эпос. Жанрлық сипаты. Жиналу мен зерттелу тарихы. Сюжеті
мен тақырыбы, адамның жеке бастың мүддесі және махаббат еркіндігі. Әдет-
ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер
тағдырымен сабақтастығы. Трагедия және оның болу себептері. Образдар
жасау ерекшеліктері. Идеялизациялау мен даралу. Қаһармандық эпостан
айырмашылығы, әлеуметтік-тұрмыстық / «Айман-Шолпан»/ және махаббат
тақырыбы/ «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек»/. Көшпелі тұрмыс-
тіршіліктен туған жырлар мен шығыс сюжетіне құрылған қазақ дастандары
немесе романдық эпостары / «Бозжігіт», «Тахир-Зухра», «Жүсіп-Зылиха»,
«Шәкір-Шәкірат» т.б./ . Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар.
Көркемдік ерекшеліктері, стилі, поэтикалық, тілдік өрнегі/теңеу,эпитет т.б./,
өлең құрылысы.
Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Қаһармандық жырлармен
байланысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың арақатысы. Тарихи жыр
қазақ эпикалық аңыздарының даму барысында белгілі бір кезеңдегі тың
белес екендігі. Тарихи тұлғалар мен жыр кеціпкерлері /Олжабай, Бөгенбай,
Абылай, Кенесары, Наурызбай, Арқалық, Досан, Бекет, Жанқожа т.б./.
Сюжеті мен тақырыбы: Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына,
ішкі қанаушыларға қарсы күреспен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар.
ХУІІ – ХХ ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың бейнеленуі. Тарихи
жыр мен тарихи өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тарихи
жырдың поэтикасы мен стильі композициялық құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: