Ќазаќстан республикасыныњ


АК 1204 – ӘДЕБИЕТТАНУҒА КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет60/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   416
АК 1204 – ӘДЕБИЕТТАНУҒА КІРІСПЕ 
 
Көлемі 2 кредит 
 
Автор: 
Сәлима Қалқабаева – филология ғылымдарының кандидаты, қазақ 
әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті 
 
Пікір бергендер: 
Темірболат А. – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
Орда Г. – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 
филология ғылымдарының докторы 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
“Әдебиеттануға  кіріспе”  пәні  филология  және  әлем  тілдері 
факультетінің    бірінші  курсында  өтілетін  негізгі  пәндердің  бірі.    Бұл  пәнді 
өту барысында студенттер әдебиет туралы ғылымның негізгі заңдылықтары 
мен  теориялық  қағидаларын  меңгереді.  Әдебиеттің  теориялық  мәселелерін 
қазіргі филология ғылымдары және гуманитарлық білім беру жүйесі аясында 
қарастыру,  көркем 
әдебиеттің  философиялық, 
мәдениеттанушылық 
деңгейлерін  ашып,  әдебиетке  қатысты  пәндерді  ғылыми  тұрғыдан  талдап, 
түсінуге мүмкіндік алады.  
Әдебиеттану  –  сөз  өнерін  зерттейтін  ғылым.  Бұл  ғылымның  туып, 
қалыптасуы,  даму  жолдары  көне  дәуірдегі  көркем  өнер  мен  әдеби-
эстетикадан  бастау  алады.  Қазіргі  әдебиеттану  –  әдебиеттің  тарихы, 
әдебиеттің  теориясы  мен  сыны  сияқты  негізгі  үш  саладан  тұратын    іргелі 
ғылым  саласы.  Онда  оқытылатын  негізгі  әдеби-теориялық    ұғымдар    мен 
категориялар әдеби шығарма табиғатын түсініп, талдай оқуға, оның идеялық-
көркемдік ерекшеліктерін тани білуге  үйретеді. Сонымен қатар әдебиеттану 
пәнінде  қамтылатын  әдеби  жанр,  тек  пен  түр,  көркемдік  әдіс  пен  тәсілдер, 
бейнелеу  құралдары  мен  айшықтаудың  жолдары,  ағымдар  мен  стильдер, 
әдеби  үдерістің    даму  заңдылықтары  сияқты  т.б.  мәселелердің    студент 
бойында ғылыми зерттеушілік қабілетті қалыптастыруда маңызы зор.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет