Ќазаќстан республикасыныњ


KKT 1205 – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет84/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

KKT 1205 – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ 
 
Көлемі 2 кредит 
 
Авторы: 
Саткенова Ж.Б. – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері 
факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті 
 
Пікір жазғандар: 
Жиренов С. – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы 
Қазақ педагогикалық университетінің доценті 
Сағындықұлы Б. – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Қазіргі қазақ тілі» жоғарғы оқу орындарында  көптен оқытылып келе 
жатқан  міндетті  пән.  Ал  «Қазіргі  қазақ  тілі  курсының»  іргелі  бір  бөлімі 
саналатын  «Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы»  пәні  зерттеу  нысаны 
анықталған,  өзге  пәндерден  ара-жігі  ажыратылған,  зерттеу  тәсілдері 
белгіленген курс болып табылады және филолог маманның кәсіби қызметінің 
ерекшелігін,  мәнін  ашуға  көмектеседі,  оқыту  үдерісінде  алған  білімін 
байқататын  негізгі  қолданыс  салаларына  қажетті  пән,  жоғары  біліктілікті, 
сонымен  қатар  бәсекеге  қабілетті  маман  ретінде  қалыптасуына  ықпалын 
тигізеді. 
«Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы»  курсы  қазақ  тіліндегі 
грамматикалық  мағыналардың  жасалу  жолдары  мен  амал-тәсілдерін, 
грамматикалық  формаларды,  грамматикалық  категорияларды,  сөздердің 
морфологиялық  құрылымын,  сөз  формаларының  жасалу  тәсілдерін, 
сөздердің  грамматикалық  сипаттарына  қарай  грамматикалық  топтарға,  сөз 
таптарына  бөлінуін  зерттеу,  түсіндіру  арқылы  қазақ  тілі  грамматикасының 
ұғымдық-категориялық  аппаратын  студенттердің  меңгеруіне,  сапалы 
білімнің  және  игеріп  жатқан  мамандығы  туралы  түсінігінің  қалыптасуына 
ыңғайлы  етіп  құрастырылған,  болашақ  маманның  кәсіби  қызметіне  деген 
жауапкершілігін қалыптастырады. 
Пәнді оқу кезінде студент толық түсінікке ие болуы тиіс: 

гуманитарлық 
ғылымдар 
жүйесіндегі 
морфологиялық 
лингвистикасының  рөлі  мен  орнын  көрсететін,  морфологияның  қазақ  тілі 
өзге салаларынан айрықшалайтын терминдер мен ұғымдарды  білуіне; 

оқу  үдерісінде  алған  білімін  қазақтың  ғылыми  тілінде  еркін 
баяндап беруге; 


 
45 

қазақ  грамматикасының негізгі тұжырымдары мен категориялық 
аппаратын білуге; 

лингвистикалық морфологияның теориялық мәселелерін және өз 
ойын еркін жеткізе алуды білуі тиіс.  

морфологиялық  лингвистикасының  терминдері  мен  ұғымдарын 
талдауды меңгеруі тиіс. 

алған білімін тәжіриебе жүзінде іске асыруды меңгере алуы тиіс

лингвистикалық  морфологияға  арналған  арнаулы  әдебиеттерді 
шет тілдерде, орыс тілінде  еркін оқып, түсінуді меңгеруі тиіс; 

лингвистикалық  ұғымдар  мен  терминдерді,  морфологияның 
универсалды ұғымдары мен заңдылықтарын меңгеруі тиіс
Оқу  пәнінің  пререквизиттері:  «Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы» 
курсын  меңгеру  барысында  «Жалпы  тіл  білімінің  негіздері»,  «Қазіргі  қазақ 
тілінің  фонетикасы»,  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы»  пәндерімен 
таныс болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет