93
Әдебиеттегі «нәзира» тәсіліне түсінік. Нәзирагөйліктің алғашқы
белгілері. Қазақ даласына исламның орнығу кезінде кіре бастауы. Йасауи
шәкірті Сүлеймен Бақырғани қиссаларынан көрініс табуы («Смағұл
қиссасы», «Ибраһим және оның шәһит ұлы», «Ғазіреті Ғали», т.б.). Бұрыннан
белгілі сюжеттерді қайталай жазып, көне мифтер мен культтерді жаңғырту –
шығыста ежелгі Ассирия – Вавилон дәуірінен (б.з.д. 2 мыңыншы жылдар)
дамыған үрдіс екені. «Гилгамеш», грек кикликтері, «Илиада», «Одиссеяны»
қайталай жазу үрдістері.
Нәзира тәсілінің тууына түрткі болған себептер. Түркі оянушылығы.
Оның негізгі шарттары. Түркі тілінің мән-маңызын көтеру мәселесі. Түркі
өркениетіндегі оянушылықтың негізгі тәсілі болған нәзирашылдықтың орыс
отаршылдығының қысымына қарсылық ретінде ғасырымыздың басында
дами түсуі.
Достарыңызбен бөлісу: