Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет153/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

Ахмет  Йасауи  (ХІІ  ғ.).  Ақын,  ойшыл,  ұстаз,  бүкіл  түркі  жұртына 
имандылық  нұрын  шашқан  діни  қайраткер,  діни  ағартушы,  жаңа  сопылық 
ағымның пірі. 
Өмірі.  Шығармалары.  Ақынның  ұстаздары  –  Ақата,  Арыстан  баба. 
«Ұстаздың  ұртындағы  құрма».  «Хикметтер»  кітабы  адамгершілік,  ізгілік 
жолына  үндейтіндігі,  күпірліктен  сақтандыратындығы.  Дінді  құрметтеу, 
имандылық,  адамгершілік  мәселесі.  Йасауидің  даналық  ойларының 
Баласағұни  мен  Абай  пәлсафасымен  үндестігі.  Ол  ойлардың  бір  арнадан 
тарағандығы. Өсиет-өнегелік мәні. 
Йасауи  –  ойшыл.  Сопылық  дүниетамның  мағынасы.  Негізгі  ойы  – 
адамның  Аллаға  шексіз  махаббаты  екендігі.  Йасауи  «Хикметтеріндегі» 
ғашықтық, Алланы сүю, жаратушыға іңкәрлік мағынасында берілетіндігі. 
Халуат: Ел-жұрттан аулақтану. Жаратқан Аллаға сыйынып, құдіретінің 
шексіздігі мен руханияттың мағынасын ұғу, пенделік тіршіліктен баз кешіп, 
жан  дүниені  тазарту,  жоғарғы  рухитанымға  үңілу,  діни-пәлсафалық 
еңбектерді оқып, іздену. 
Йасауи  «Хикметінде»:  Алланы  тану  адамның  өзін-өзі  тануы  үшін 
қажеттігі.  Мұхаммед  пайғамбар  мен  төрт  сахабасын  мадақтауы.  Өмір  мен 
өлім  толғаныстары.  Жер  астына  түсу  себебі.  Йасауи  тақуалығының 
Баласағұни  кейіпкері  Одғұрмыштың,  қазақ  ақындары  Шәкәрімнің,  Ақан 
серінің қоғамнан оқшаулануымен байланысы. 
Е.Э.  Бертельс,  А.Н.  Самойлович,    А.К.  Боровков,  Г.Ф.  Благова,  Э. 
Наджип  сияқты  орыс  шығыстанушыларының  және  Х.  Сүйіншәлиев,  М. 
Мырзахметов, Ә. Дербісәлиев, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, Б. 
Сағындықұлы, т.б. зерттеушілердің еңбектері.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет