Дәрістің тақырыбы: Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері.
Дәріс жоспары:
1. Ғылыми зерттеудің жалпы схемасы
2. Ғылыми-зерттеу сатылары
Қазіргі заманғы ғылыми‑техиникалық ойлау қарастырылатын құбылыс пен процессті толық түсінуге бағытталған. Осылайша қарастыру меңгерілетін тыңғылықты қарым – қатына жасау, ол заттың пайда болу кезеңін, дамуын және оның тарихи қолдануын қарастыра отырып мүмкін болды.
Белгілісі сол жаңа ғылыми нәтижелер мен бұрыннан бар білім диалектикалық қарым – қатынаста болады.
Ғылыми зерттеуде барлығы маңызды. Барлық назарды негізгі немесе басты проблемаларға аудара отырып, бір қарағанда маңыздылығы аз көрінетін жанама фактілерді де ұмытпау керек. Жиі байқалатыны мұндай фактілер маңызды жаңалықтың ашылуының көзі болып табылады.
Ғылымда қандай да бір ғылыми фактіні орнату жеткіліксіз, сонымен қатар оны қазіргі ғылым тұрғыдан түсіндіріп, жәнеде оның қоғамдық, теориялық және практикалық маңызын көрсету керек.
Практикадан, қоршаған әлемді бақылаудан жәнеде өмір қажеттілігінен идея туады. Идея негізіне нақты фактілер мен оқиғалар жатады. Өмір нақты тапсырмаларды жүктейді, бірақта өнімді идея мен шешім бірден пайда болмайды. Сол кезде зерттеушінің таңсық дүиеге жаңа шешім беру қасиеті келеді.
Ғылыми зерттеудің жалпы схемасы
Ғылыми зерттеудің барлық сатысын келесі логикалық схема түрінде қарастыруға болады:
1 Таңдалған тақырыптың өзектілігі.
2 Нақты мақсат пен тапсырмалар жүктеу.
3 Затты анықтау және зерттеу заты.
4 Зерттеу жүргізудің әдісін таңдау.
5 Зерттеу процесін суреттеу.
6 Зерттеу қортындысын талқылау.
7 Қортындыны дайындау және алынған нәтижені бағалау.
Зерттеу процесін суреттеу — логикалық заңдар мен ережелерді қолдана отырып зерттеудің әдісі мен техникасы жақсы байқалатын диссертациялық жұмыстың негізгі бөлігі.
Ғылыми зерттеудің ең маңызды сатысына – арнайы отырыстарда, ғылыми кеңесте алдын – ала диссертацияның практикалық және теориялық құндылығы бағаланатын нәтижені талқылау жатады.
Ғылыми зерттеудің соңғы сатысына өткізілген диссертациялық жұмыстың ғылыми және практикалық нәтижесінен тұратын қорытындылау жатады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Ғылымың мағынасы қандай?
2 Ғылыми зерттеудің жалпы схемасына қандай талаптар қойылады?
3 Тақырыптың өзектілігін негіздеу дегеніміз не?
№ 4 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |