Дәрістің тақырыбы: Эксперименттік зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Дәріс жоспары:
Эксперименттерді жүргізу үшін жұмыс орыны және жұмыс аумағы қажет. Зертхана (лаборатория) – арнаулы жабдықталған бөлме, онда эксперименттік зерттеулер жүргізіледі. Олар тұрақты, қозғалмалы және жүргізілетін деп бөлінеді. Барлық зерттелген, анықталған шамалар арнаулы журналдарға жазылады. Зертханалық журналдар мен дәптерлер өте маңызды құжаттар деп есептеледі. Олар белгілі тәртіппен сақталып, жеңіл тексеруге дайын болу керек. Эксперимент кезінде әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу дәл болмайды, өйткені приборлардың өздерінің қателіктері бар. Олар жүйелі және кездейсоқ деп бөлінеді. Жүйелі қателер қайталанған эксперименттер кезінде тұрақты болып қалады. Кездейсоқ қателер қайта өлшеу кезінде кенеттен пайда болады.
Кездейсоқ олқылықты талдау кездейсоқ қателіктерге негізделген. Ол дегеніміз белгілі бір кепілдікпен нақты мәнін алуға жәнеде мүмкін болатын қателікті бағалауға мүмкіндік береді.
Кездейсоқ қателік теориясының негізіне бірден шамалардың көп санының кездейсоқ қателігі, сол шаманың теріс таңбамен алғандағы кездейсоқ қателігі тең екенін көрсетеді. Көп қателік аз қателіктен қарағанда аз (шаманың артуымен қателіктің пайда болу ықтималдылығы азаяды); өлшенетін шамалардың шексіз көп санының өлшенуінде нақты мәні барлық өлшеу нәтижесінің орташаарифметикалық санына тең. Кездейсоқ оқиға ретінде осы және басқа нәтижелердің пайда болуы таралу заңымен суреттеледі.
Өлшеудің басты және терілмелі қосындысы ажыратылады. Басты қосындығы барлық х пен, оның мүмкін болатын қателігі ∆х жатады.терілмелі қосынды үшін өзгеру саны n шектеулі, жәнеде әр нақты кезде нақты анықталады. Егер n>30 болса, онда х өзгерісінің орташа шамасы нақты мәнге жақындайды.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Кездейсоқ қателік теориясының негізіне не жатады?
2 Кездейсоқ қателік теориясы нені бағалауға мүмкіндік береді?
№ 13 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |