ДәрісТЕР
Дәріс – оқу сабақтарының формаларының бірі, пәнде айтылған теоретикалық сұрақтарды логикалық тұжырымда қарастыру
1. Ғылыми зерттеудің әдістемесі. Зерттеу бағытын таңдау
№ 1 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Дәріс жоспары:
1 Кіріспе.
2 Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
Бүгінгі таңда өндірістің тікелей итеруші күшіне айналған ғылымда ғылыми ‑ техникалық ревлюцияның мәні күннен – күнге артуда.
Ғылым — жаңа білім алып, оны қолдануға бағытталған интеллектуалдық қызыметкер:
- технологиялық, экономикалық, қоғамдық, гуманитарлық проблемаларды шешу;
- ғылым, техника және өндірісті бір жүйе ретінде қамтамассыз ету.
Үлкен машина өндірісінің пайда болуы ғылымды өндірістің өзінің белсендіфакторына айналдырады. Ғылыми – техникалық революция жағдайында ғылымның түп тамырымен өзгеруі болды. Мұнда ғылым тек техниканы меңгеріп, соның деңгейіне жетуді ғана мақсат еткен жоқ, ол одан асып кетті. Саясаттануда, басқаруда, білім жүйесінде және материалдық өндірісте ғылымың қажеттілігі, басқа қызыметтерден қарағанда ғылымның даму жылдамдығын арттырды.
Ғылымның жіктелуі. Маркс бойынша келесідей жіктейді: техникалық, табиғи, қоғамдық және философия болып бөлінеді. Бұл жіктелудің негізіне материалдық әлемнің негізін зерттейтін барлық ғылымдар жатыр.
Ғылымды жіктеу проблемалары – барлық ғылыми білімің құрылымының проблемалары. Қазіргі заманғы ғылымның жіктелуі дифференциалдық және интегралдық болып бөлінуі.
Техикалық ғылымдарда табиғи денелердің мақсатты түрленуі деген жүйелік білім бар. Ғылыми техникалық білімді қосуға бағытталған алғашқы қадамдар Энгельсте көрінген жүйелеу және жіктеуден көрінеді. Одан әрі аталған жіктелу даму мен бірігуге алып келінді.
Ғылымның даму кескінін тереңірек қарастырмай жатып, біз «таза түрде» ғылыми білімнің жүйесі ретінде ғылымның дамуының басты тенденциясын анықтамақ боламыз. Әрине, шынайы келгенде барлық тенденциялар бір – бірімен бірігуі мүмкін. Қазіргі заманғы негізгі тенденцияға дифференциалдық дамудан интегралдық дамуға айалуы жатады. Ғылым даму классификациясына фукционалдылықтан субстраттыққа айналуы тән. XVI...XVII ғғ бастап ғылымның дамуы затпен емес, қозғалыс формасымен немесе зерттелетін заттың жеке жақтарынан ерекшеленді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 «Ғылым» пәні дегеніміз не?
2 Ғылым қалай жіктеледі?
№ 2 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |