1.1 Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны
«Математикалық талдау» пәні инженерлік-техникалық зерттеулерде өте маңызды роль атқарады. Ол тек сандық есептің қаруы емес, сонымен қатар дәл зерттеулердің әдісі және ұғымдар мен мәселелерді анағұрлым нақты қалыптастырудың нақты құралы болып табылады. 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» және 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша даярланатын мамандардың математикалық білімі мен мәдениетінің іргетасы болып келеді. Математиканың басқа салаларында, техникалық кибернетикада, механикада, физикада және техникалық ғылымдардағы қолдануы мен маңыздылығы жағынан «Математикалық талдау» пәні ерекше орын алып, маманның кәсіптік дайындығының негізі болып табылады.
«Математикалық талдау» пәні бір айнымалыға байланысты функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері, көп айнымалыға байланысты функция және еселі интегралдар, жай дифференциалдық теңдеулер және қатарлар теориясы тарауларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |