Бригадир Берден: Тоқта! Тоқта, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы
келеді. Мен де, ана Ақаң да, мына Тілеубай да, өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс
сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-
ақ ет бауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.
Басқарма:Мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш,
өкпе болмасын. Ақа, жол сіздікі. Таңдаған балаңызды алыңыз. (Ахмет шал
балалардың бір-біріне жабысып тұрған екі қазақ баласын тізерлеп бауырына
қысып, маңдайларынан сүйді.Содан соң орнынан тұрып, балаларды жағалай
бастарынан сипап өтті де,ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.)
Ахмет шал: Мен осы мықтыны өзін алам. Баланың аты кім?
Достарыңызбен бөлісу: |