III
көрініс
(почташы Түсіп, Ержан қария)
Түсіп: Ожаннан қара қағаз келді, соны барып үйіне есттіртейік
Ержан: Апырай, Мырзайырдағы үлкенірек шалдардан біреу-міреу
келіп қалар, сосын есіттірсек қайтеді
Түсіп: Ой, күн жаумай су болып ыбылжып қалған қызыңды
ұрайын. Сенің-ақ бетіңнен иман төгіледі де отырады-ау. Немене біз
жерден шығыппыз ба? Екеуміз де екі шалдың баласы емеспіз бе? Бізден
кімнің жолы үлкен? Біз естіртеміз. Өлгенді артынан естірткен де сауап
деген. Түйенің жарты етіндей боп қаңқайған денең болмаса, сенен не
ақыл шығушы
Достарыңызбен бөлісу: |