дейді. Әйтсе де көп жетімнің ішіндегі шын жетім осы екен. Обалынан
қорықтым... Қариялар: - Е, бұның жөн болған екен. Ахмет шал: Өзі ұғымтал. Аса зерек. Бірақ биыл мектептен қалды. Тілі
жаттықсын. Жылқыға жаны құмар. Алғашқы күндері үркектеді. Қазір
үйренді. Менімен кезектесіп атқа мініп, сиыр бағуды да үйреніп алды.
Қариялар: Ой, бәрекелді, жараған. (БәріАхмет шалды қоштап қояды.)
Зекенді қуып келе жатыр.)
Ахмет шал:Қаршадай баламды қамшының астына алмақ болдың. Неге
басынасың? Дәуренбек: Зигфрид Вагнер егінге малды қастандықпен түсірді.
Сиырларды егінге айдап әкелгенін өзім көрдім.