Сенің әкең-Дөненбай! Дөненбай...
49
ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Түсінік хат
«Өз болашағың өз қолыңда» сахналық қойылым сценарий желісінде жас
ұрпақты жат әдеттерден сақтандыру мақсаты көзделген. Басты кейіпкер
Айсана қазақы дәстүрде тәрбие алған, мектептегі үлгілі оқушылардың
санатында болған. Өз мақсатына жету жолында мектебін жақсы аяқтап, өзі
армандаған оқу орнына түседі. Ата-ананың аса қамқорлығы, ата-әженің
ерекше мейірімі Айсанаға өмірдің қалтарысты, көлеңкелі тұстарын
білдірмейді. Айналадағы, қоршаған ортада болып жатқан жамандықтарды
сезіндірмейді. Жаңа ортаға түскенде басты кейіпкер адам атын жамылған
арамзалардың алдауына түсіп, өзі таңдаған бағытты бағдаршамынан
айрылады. Қойылымның жағымсыз кейіпкерлері: есірткі таратушылар
қоғамда болып жатқан жамандықтың белгісі. Олардың келбетін таныту
арқылы 10-11- сынып оқушыларына болашақ қадамдарында адаспайтындай
ой айтқымыз келді. Шығарманың шешуші нүктесі – кейіпкер басынан түскен
қиындықтардан тез арада көрсетілген көмектің нәтижесінде арылады. Әр
адам өз болашақ мақсатын биіктен межелеп, мақсатқа жету жолындағы
қиындықтан қашпаса, армандар орындалатындығы осы көрініс түйінінде
дәлелденеді. Осы қойылым арқылы көрерменге аса сенгіштік, досты сынап
қана таңдауға болатындығын ұғындырғымыз келді.
Достарыңызбен бөлісу: