II көрініс
Найман ана:
-
Көз жақсым, мен жолға аттанбақпын.
Қайын сіңлісі:
-
Жеңеше, түн ортасында қайда барасыз? Ай, жеңеше-ау, алдындағы
саудагерлерден кейін не болып жүр сізге? Не айтты олар? Саудагерлер келіп
кеткеннен кейін сіз тыныш ұйқыңыздан айрылдыңыз. Көп күннен бері
мазасызданып жүрсіз. Тіпті аузыңызға нәр алған жоқсыз. Не болды жеңеше?
Жеңеше, маған айтсаңыз болады, бәлкім мен көмектесе алатын шығармын.
Найман ана:
Сен уайымдама. Мен төркініме барып қайтамын. Құдай қаласа, жолсерік
табылса, Қыпшақ еліне асып,одан әрмен киелі мекен Түркістандағы Қожа
Ахмет Йасауи кесенесіне барып, тағзым етемін.
Достарыңызбен бөлісу: |