Мәңгүрт:
-
Ештеңе де.
Найман ана:
-
Кіммен сөйлескің келеді?
Мәңгүрт:
-
Аймен. Бірақ, бір-бірімізде естімейміз. Айда біреу отыр.
Найман ана:
-
Тағы... тағы не істегің келеді?
Мәңгүрт:
-
Басымда басшыныкіндей бұрым болса...
Найман ана:
Олар сенің басыңа не істеген? Келші, көрейік... Саған кішкене кезіңде
айтып берген бесік жырын білетін боларсың. Есіңе түсірші, Жоламан!
Әлди,әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат көкем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін!
О,құлыным, сенің басыңа көң қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай
етіп, шығыр салып ,бұрап,ақыл-есіңнен айырғанда, кезерген ерніңе бір
тамшы су тимегенде, Сарыөзектің жалынсыз түтініне қақталғанда күллі
дүниені жаратушы Күнді сен қарғамаған ба екенсің?! Сонда шам-шырақ
жұлдыдардың ішінде ең қап-қара дүлейі Күн болып көрінбеді ме саған?!
Құлыным-ау, сені ақыл-есіңнен айырғанда, анаңның дидарын, өзің жазда
ойнайтын тау бұлақтарының сылдырын есіңнен шығарғанда, туыстарыңның
бет-жүзін, әке-шешеңнің дидарын ұмытқаныңда мына сені дүниеге әкелгенім
үшін, сені туғаным үшін мына мені неге қарғамадың екен?! Жоламаным...
Аналар кімдер?
Достарыңызбен бөлісу: |