4-
көрініс.
/азып-тозған,өмірден түңілген, үсті-басы лас Айсана/
- Дәрі керек маған, дәрі дәрі... Эля, Эля қайдасың? Қалтырап барамын.
Қалтырап бараамын.... Керек, керек... Дәрііі( есінен таңып құлайды)
Есірткі таратушылар шығады:
-
НИК: Ееее байғұстың жатысын қарашы. Бұдан енді не аламыз? Үйді
сатты, ақшасы қалтамызға түсті, оқудан шықты, ата-анасын алдап жиған-
тергенін бәрін таблеткаға құртты. Қандай құдірет есірткі! Ақша, ақша!
Шытырлаған ақша! Осындай ауылдың ақымақтары, сенгіштері, біздің
құрбандарымыз. Жүріңдер тағы да құрбандық ізделік..../ сахнадан шығып
кетеді./
/сахнаға Айсананың анасы шығады/
-
Анасы:Айсанам, не болды саған? Түріңе не болған? Саған не болған?
Кім,кім сені арбаған? Сарыуыз балапаным-ай,енді қайттім, не
істеймін?Сабағың қайда? Арманың қайда? Құрысыншы барлығы, маған
бәрінен қызымның өмірі қымбат, қызым аман қалса екен.
- Алло, дәрігер, дәрігер көмек керек маған. Айсанам, дәріге уланып..
ауыр хәлде. /дәрігерлер келіп, алып кетеді./
Достарыңызбен бөлісу: |