Өздік жұмысының мақсаты: Тарихи романдарға байланысты оқылған дәрістерден
алған білімдерін бекіту.
Әдістемелік нұсқау:«Тағдыр» романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Патшалық Россия мен Цинь империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын.Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайлықпен шығарманың өзегіне алынған.