Өздік жұмысының мақсаты: Тарихи романдарға байланысты оқылған дәрістерден алған білімдерін бекіту.
Әдістемелік нұсқау:«Соңғы көш» роман-дилогиясы Қ.Жұмаділовтің өз көзімен көрген, өз басынан өткерген тарихты арқау еткен шығармасы. «Соңғы көш» роман-дилогиясында қытай отаршылдарының жымысқы саясаты шындықпен көрінеді. Романның өн бойы халықтың «азаттық», «теңдік», «атамекен» деп соққан жүрек лүпілі, арманы мен аңсауы, тілегі мен мақсаты шындықпен беріледі. Роман енді көш болмасын, халық оны басынан өткізбесін, шашылып кеткен қазақтың барлығы атамекеніне оралсын деп аяқталады.