Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастыралады. Оқу бағдарламасының құрамы:
аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын,, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері
пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
ұсынылған әдебиет;
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады.
Ол түсінік хат, негізгі бөлім әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап ҚР-ның тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
оқу бағдарламасына сәйкес болу;
оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
көрнекіліктерімен жақсы жабдықталу;
тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу керек;
тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы;
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |