Қазақстан республикасының



бет17/56
Дата06.01.2022
өлшемі152,84 Kb.
#15343
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

7-тақырып. Оқыту әдістері.

  1. Оқыту әдістері туралы түсінік.

  2. Оқыту әдістердің көптүрлілігі, оларды топтасытру.

  3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік “әдіс” – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет” – деген анықтама береді.

Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары – деген пікір айтылады.

Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістер

і – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске” қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”.

Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.



1. Оқу кітаптарыоқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2. Көрнекі құралдаркестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.

3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, копьютер т.б.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л.Н.Толстой былай дейді: “Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оның оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті”.

Сондықтан әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең білім беру, адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығы оқу әдісі болып табылады.

Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:

1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер бойынша):

- түсіндірмелі хабарлау әдісі;

- репродуктивтік әдіс;

- проблемалық баяндау әдісі;

- эвристикалық әдіс.

2. Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):

- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.

3. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:

- ауызша баяндау әдісі;

- есеп шығару әдісі;

- өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Ең көп таралғаны - білім беру көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):

- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

- көрнекілік әдістер;

- тәжірибелік әдістер.

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет