Қазақстан республикасының


-тақырып. Адам аралық қатынастар психологиясы



бет30/56
Дата06.01.2022
өлшемі152,84 Kb.
#15343
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

12-тақырып. Адам аралық қатынастар психологиясы.

  1. Адам аралық қатынас дегеніміз не?

  2. Қатынас құралдары, түрлері, құрылымы және қызыметі.

  3. Қатынастың дамуы.

Қатынас дегеніміз – адамның басқа адаммен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің ерекше формасы. Қатынастың өзара тығыз байланыстағы үш қырлары бар, олар: коммуникативті, интерактивті, перцептивті қырлары.

К.Қ. – адамдардың өзара ақпаратпен алмасуы.

И.Қ. – адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, м-ы, әрекетті бөлісу, көңіл-күйге әсер ету және т.б.

П.Қ. – қатынас б-ша жұптардың бірін-бірі қабылдауы және осының негізінде өзара түсінушілікті қалыптастыру.

Қатынас құралдары:



  1. Тіл – сөздер жүйесі, олардың мағыналық қолданудағы қ-қ-та қолданылатын байланыстар ережесі. Бір тілде сөйлейтін адамдар үшін сөз және оларды қолдану ережесі ортақ, ал бұл қатынастың тілдің көмегі арқылы мүмкіндігін көрсетеді.

  2. Интонация – түрлі сөз тіркестеріне түрлі мағына беретін эмоцианалды дауыс ырғағы.

  3. Мимика – дене бітімінің сырт көрнісі, көзқарас. Айтылған фразалардың мағынасын күшейтуші немесе керісінше әлсіретуші қызметін атқарады.

  4. Ым-ишаралар – сөздің неғұрлым қанықтылығын көрсететін құрал ретінде саналады.

  5. Арақашықтық – қатынас жасаушылардың арақашықтығы. Бұл түрлі мәдени, ұлтық дәстүрлерге, сондай-ақ сөйлеуші жұптардың бір-біріне сенім арту деңгейіне байланысты.

Қатынастың жүзеге асырылу этаптары:

  1. Қатынас жасауға деген қажеттік адамды басқа адамдармен байланысқа түсуге итермелейді.

  2. Қатынас жасау мақсатын, жағдаяттарын реттестіру .

  3. Қатынас жасауға шақырылған адамның жеке тұлғалығына ыңғайласу.

  4. Қатынас мазмұнын жоспарлау(көп жағдайда бұл бейсаналы жүреді).

  5. Бейсаналы немесе саналы түрде адамның қолданатын нақты құралдарын іріктеуі, өзін-өзі ұстау мәнеріне бағыттау.

  6. Кері байланыстың негізіндегі қатынастың тиімділігін бақылау, оны қабылдау, бағалау.

  7. Бағыттылық, қатынас әдісі мен стилін коррекциялау.

Қатынас түрлері:

  • Жеке қатынас. Жеке адамдар, яғни екі адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пн жеккөрушілік, сыйластық пен араздық, сенім мен күдіктенудің негізіндегі қатынастар.

  • Формальды немесе қызметтік қатынастар. Қатынастардың бұндай түрін “маскалық контакт” деп атайды. Өзара түсінушілік, келесі адамның жеке ерекшелігін ескеру сияқты жағдайлар болмайды.Керсінше, сыпайылық , қаталдық , қарапайымдық немесе керсінше, сияқты маскалар пайдаланылды.

  • Қызыметтік қатынаста , жеке ерекшеліктер: мінез, жас ерекшелігі, көңіл-күй ескеріледі, бірақ ортақ істің маңызы олардан гөрі басым.

  • Примитивті қатынас, адам қатынасқа түсу үшін екінші адамды керек немесе керек емес объект ретінде бағалаған жағдайда. Керек болған жағдайда байланысқа белсенді кіріседі, керек емес болса – дөрекілік көрсетеді.

  • Формальды-ролдік қатынас, қатынастың мазмұны қолданылатын құралдар алдын ала қатаң жоспарланады. Бұнда адамның жеке ерекшелігі емес, оның әлеуметтік ролі бірінші орынға шығады.

  • Рухани қатынас, қызығушылығы, дүниетанымы, көзқарастары ортақ адамдар арасындағы қатынас. Бұнда артық толықтырушы сөздер артық болып есептелінеді.

  • Манипуляциялық қатынас , қатынасқа түсуші адамнан міндетті түрде қандайда бір пайда өндіруде қолданылады. Бұнда қорқыту, жағымсу, өтірік айту, жасанды мейрімділік көрсету,шантаж және т.б. тәсілдер қолданылдады.

Снымен қатар, ақсүйектік, дау-дамайлы және т.б. көптеген адам аралық қатынас түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет