Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне білім министрлігі



бет1/2
Дата15.02.2023
өлшемі111 Kb.
#68226
  1   2
Байланысты:
Лекция-1669892065944


Дәріс №5
Тақырып: Комбинациялық және тізбектелінген цифрлық түйіндер. BCD коды. Шифратор
Жоспар:
1 Комбинациялық және тізбектелінген цифрлық логикалық құрылғылар.
2 Шифратор. Жұмыс істеу принципі.

Цифрлық логикалық құрылғылардың функционалдық түйіндері комбинациялық және тізбектелінген деп екіге бөлінеді.


Комбинациялық типті функционалдық түйіндерде шығыс сигналдары кез келген дискретті мезетте дәл осы кезде кірісте тұрған логикалық сигналдармен бірмәнді түрде анықталады.
Тізбектелген құрылғылардың шығыс сигналдары дәл осы уақыттағы кірісіндегі сигналдармен қатар жады элементтерінің күйімен анықталады, яғни алдыңғы келіп түскен кіріс сигналдарының күйіне байланысты. Бұл құрылғылар жадысы бар автоматтар немесе цифрлық автоматтар деп те аталады. Комбинациялық құрылғылар арасында іс жүзінде кеңінен қолданылатындары типтік функционалдық түйінде: шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорлар, демультиплексорлар, компараторлар, код түрлендіргіштер, бақылау схемалары, сумматорлар және т.б.
BCD (Binary-Coded Decimal) екілік- ондық кодында әрбір ондық цифр «4 биттік 8-4-2-1 екілік» позициясына сәйкес екілік кодпен беріледі. Мысалы 3691(ондық)= (0011 0110 1001 0001) (BCD)
Шифраторлар.
Шифратор деп сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне түрлендіретін комбинациялық құрылығыны айтамыз. Шифратор кірісіне тізбекті түрде екілік кодтағы ондық сандар мәндері меншіктеледі. Шифратор кірістерінің біріне активті логикалық сигнал берген кезде, оның шығысында белсенділенген кіріске (яғни ондық санға) сәйкес екілік код қалыптасады. 2n кірісі және n шығысы бар шифратор толық шифратор деп аталады. Егер кіріс саны 2n-ден кем болса, ол толық емес шифратор деп аталады.
Мысал. 0÷9 сандары арасындағы ондық сандарды екілік санау жүйесіне түрлендіруге арналған шифратор.
Шифратор жұмысы келесі логикалық теңдеулермен баяндалады:
y0 = x1 + x3 + x5 + x7 + x9,
y1 = x2 + x3 + x6 + x7,
y2 = x4 + x5 + x6 + x7, (5.1)
y3 = x8 + x9,
Бұл өрнектер ақиқаттық кестесінің (кесте - 5.1) негізі болып табылады.
(5.1) өрнекке сәйкес келетін шифратордың шартты-графикалық белгіленуі және оның схемасы 5.1 суретте келтірілген. 5.1-суретте көрсетілгендей шифратордың xо кірісі қолданылмайды.
Шифраторды «кодер» деп атайды (ағылшынның coder деген сөзінен алынған), кодер, мысалы, пернелік басқару пультінің клавиатурасында терілген ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қолданылады. Калькуляторда шифратор қолданылады.
Кірістегі кез келген «1» логикалық сигналы шығысында BCD –ге түрленеді. Және де "1" кез келген сәтте және бір кіріске ғана беріледі. Мұндай бір белсенді кірісі бар шифратор екілік шифраторлар деп аталады..
Кесте 5.1- 0÷9 аралығындағы сандарға арналған шифратордың ақиқаттық кестесі

x9



x8

x7

x6

x5

x4

x3

x2

x1

x0

Y3

Y2

Y1

Y0

0
0
0
0
0
0
0
0
0
1

0
0
0
0
0
0
0
0
1
0

0
0
0
0
0
0
0
1
0
0

0
0
0
0
0
0
1
0
0
0

0
0
0
0
0
1
0
0
0
0

0
0
0
0
1
0
0
0
0
0

0
0
0
1
0
0
0
0
0
0

0
0
1
0
0
0
0
0
0
0

0
1
0
0
0
0
0
0
0
0

1
0
0
0
0
0
0
0
0
0

0
0
0
0
0
0
0
0
1
1

0
0
0
0
1
1
1
1
0
0

0
0
1
1
0
0
1
1
0
0

0
1
0
1
0
1
0
1
0
1




a) b)
Сурет - 5.1. Шифратордың шартты-графикалық белгіленуі (a) және оның логикалық схемасы (b)
Екілік шифраторлардан басқа практикада приоритеттік шифраторлар қолданылады. Приоритеттік шифраторларда белсенді сигналдар (логикалық «1» немесе логикалық «0») бір уақытта бірнеше кіріске беріледі. Мұндай жағдайда олардың шығысында ең көп белсенді болған кірістің номеріне сәйкес екілік код беріледі. Тек бір ғана кіріс белсенді болған жағдайда, приоритетті шифратор екілік шифратор сияқты жұмыс істейді. Приоритетті шифраторлар күрделі, мысалы, сұраныс көздерінен бірінші болып қызмет көрсету (қандай да бір ресурсты қолдануға) құқығын таңдау сияқты жұмыстарға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет