Қазақстан респудликасы білім және ғылым министрлігі


,3 - дәріс Тақырыбы: Параллельділік



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата06.01.2022
өлшемі11,68 Mb.
#15553
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
2,3 - дәріс
ТақырыбыПараллельділік. 
Программалаудың екі моделі: Тізбектелген  және параллель
Параллельді компьютерлер: аппараттық жабдықталуы.
Мақсаты: Параллельділік  және  программалаудың  модельдері    ұғымымен 
таныстыру. 
Кілттік  сөздер: параллельділік,  тізбектелген,  параллель,  модель,  дискілік 
жады, процессор, көп деңгейлі.
Жоспары:
1. Параллельділік
2. Программалау модельдері
3. Параллель  компьютерлердің аппараттық жабдықталуы
1. Параллельділік.
Қазіргі  бір  процессорлы  машиналар  компоненттері:  орталық  процессордан, 
бастапқы  жадыдан,  бір  және  көп  деңгейлі  кэш  жадыдан,  екінші  ретті 


жадыдан  (дискілік  жады)  және  әр  түрлі  периферийлік  құрылғылардан 
тұрады.
     Программа  орындауға  қатысты  түйінді  (өзекті)  компоненттер:  орталық 
процессор, кэш және жады.
    Жалғыз  процессорлы  компьютерлер  архитектурасын  дамыту  үшін 
мынадай әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады:
1.
Орталық  процессордың  бір  ішкі  бөлігін  4  функционалдық 
модульдермен (сумматор, көбейткіштер) алмастыру;
2.
Орталық  процессордың  өткізу  жолағын  (қабілетін)  үлкейту  үшін  оған 
жадының 2 не оданда көп блоктарын қосу;
3.
Уақыт бірлігінде орындалатын командалардың санын арттыру үшін бір 
жадылы екі және  одан да көп процессорларды қосу;
4.
Барлық компьютерлердің жұмыстары бір бағытта бағытталу үшін, яғни 
бір  программаны  орындау  үшін  толық  компьютерді  машиналар  желісіне 
қосу;
Параллельділікті әртүрлі деңгейіне қарай былай классификациялауға болады:
    - тапсырма  деңгейінің параллельдігі;
    -программа деңгейінің параллельдігі ;
    -командалар деңгейінің параллельдігі;
    -арифметикалық және биттік туралау параллельдігі ;
1)  Тапсырма  деңгейінің  параллельділігі  -    параллельділіктің    ең  жоғарғы 
деңгейі.  Бұл  деңгейде  орталық  процессор  мен  енгізу-шығару  жүйесі 
параллель жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет