Қазақстан соңғы жылдары экономикалық дамудың жоғарылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық қайта құрулар және оларды жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі174,96 Kb.
#79413
1   2   3   4
Байланысты:
Аяука Ргррор

Еңбек ресурстарының балансы
Еңбек ресурстарының балансы - еңбек ресурстарының болуы мен олардың
пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Мұндай баланс екі бөлімнен тұрады:
біріншісінде - еңбек ресурстарының болуы, олардың саны, жастық-жыныстық
құрамы,
екіншісінде - еңбек ресурстарының еңбекпен қамтылу түрлері, халық
шаруашылығының салалары және тұрғындардың қоғамдық топтары бойынша
бөлінуі сипатталады.
Еңбек ресурстарының балансы олардың бүкіл республика бойынша да
жағдайын сипаттайды.
Еңбек ресурстарының болжамдық балансын жасау әсіресе жедел өсіп
отырған жұмыссыздық және толық жұмыспен қамтамасыз ету қажеттілігі
жағдайында аса маңызды.
Еңбек ресурстарының балансы (КСРО) – жұмыс күшін ұдайы өндіруді сипаттайтын КСРО Халық шаруашылық балансының құрамды бөлігі.
Еңбек ресурстарын пайдаланудың түрлі жақтарын ашатын көрсеткіштердің жүйесі. Еңбек ресурстарының балансы жасына, жынысына, әлеуметтік топтарына, кәсібіне, халық шаруашылығының салаларына және мамандығына қарай еңбек ресурстарының санын, сапалық құрамын көрсетеді. 
Еңбек ресурстарының балансы тек халық шаруашылық салаларында істейтіндерді ғана емес, барлық еңбек ресурстарының пайдаланылуын көрсетеді. Статистикалықесеп пен жоспарлау жұмыстарында Еңбек ресурстарының балансы 1950 жылдан қолданылады. КСРО халық шаруашылығы балансының бір түрі. Еңбек ресурстарының балансына жиынтық баланс, жеке баланстар және баланстық есептеулер (жастар еңбегін пайдалану балансы, колхоздардағы жұмыс күшінің балансы, жұмысшылар мен қызметшілерге, оның ішінде квалификациясы бар жұмыс күші мен мамандарға деген қосымша қажеттерді баланстық есептеу) кіреді.
Еңбек ресурстарының жиынтық балансы төмендегідей схема бойынша жасалады: 

  • Еңбек ресурстары оның ішінде еңбек жасындағы еңбекке жарамды адамдар (ерлер 16-59 жас, әйелдер – 16-54 жас арасы жұмыс істемейтін 1- және 2- топқа жатқызылатын мүгедектерді және жеңілдік жағдайда кәрілік пенсиясын алатын, жұмыс істемейтін еңбек жасындағыларды қоспағанда) және еңбекке жарамды жастан асып жұмыс істеп жүргендер.

  • Еңбек ресурстары халық шаруашылығынаістейтіндер (тұтас алғанда да әлеуметтік топтары бойынша да), оның ішінде өнеркәсіп пен құрылыста істейтіндер т.б. (әрқасысының жеке салалары бойынша), өндірістен қол үзіп оқып жүргендер, үй жұмысында және өздерінің қосалқы шаруашылықтарында істейтіндер болып бөлінеді.

Жиынтық баланс халықтың еңбекпен шұғылдануын анықтап, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын табуға мүмкіндік береді. КСРО-да қоғамдық еңбекпен айналысушылардың саны ұдайы өсіп отыр. 1958 жылы еңбек ресурстарының 77%-ы кәсіпорындарда істейтіндер және өндірістен қол үзіп оқып жүргендер болса, 1968 жылы олар 90%-ға жуық болды.
Еңбек ресурстарының қалған бөлігі үйжұмысымен, өзінің қосалқы шаруашылықтарымен айналысады. Мұнда әйелдердің үлесі 90%-дан астам. Үйшаруашылығындағы еңбекті жеңілдетіп қысқартатын халыққа қызмет көрсету салаларының дамуы әйелдерді қоғамдық өндіріске кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес салалары арасында, олардың әрқайсысының өз салалары ішінде еңбеккерлердің бөлінуі еңбек ресурстарының жиынтық балансында көрсетіледі. Қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде материалдық өндірісте істейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларында істейтіндердің саны өсіп келеді. 
Мұны КСРО бойынша пайыз есебімен мына деректерден көруге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет