Еңбек ресурстарының балансы бір жағынан, өнеркәсіп пен құрылыста, екінші жағынан ауыл шаруашылығында істейтіндер, санының ара қатысын анықтайды және осының негізінде елдің индустриялық даму дәрежесін сипаттайды.
Еңбек ресурстарының жиынтық балансының кестелері қызметшілер құрамын олардың қоғамдық топтары бойынша (жұмысшылар және қызметшілер, колхозшылар) сипаттайды. Бұл халықтың жалпы санын сол қоғамдық топтары бойынша (яғни қызметшілерді олардың жанұя мүшелерімен қоса) тегіс есепке алуға мүмкіндік береді. КСРО халқындағы жұмысшылар мен қызметшілердің үлес салмағы 1939 жылғы 50,2%-дан 1968 ж. 77,7%-ға өсті.
Еңбек ресурстарының жиынтық балансы жалпы одақ бойынша және одақтас республикалар мен облыс бойынша жасалады. Бұлар еңбек ресурстарының пайдаланылу дәрежесін анықтауға, жергілікті жерлердегі жқмыс күшінің қосымша резервтерін (не тапшылығын) ашуға көмектеседі. Жоспарлы баланс еңбек ресурстарының санын халық шаруашылығының жұмыс күшіне деген қажетімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Еңбек ресурстары халық санын жасына, жынысына қарай болжау негізінде анықталады. Жұмыс күшіне деген қажеттілік еңбек өнімділігі мен материалдық саладағы өндіріс көлемін жоспарлы есептеу негізінде, сондай-ақ өндірістік емес салалардың көзделіп отырған даму дәрежесі және осы салалар мекемелері мен ұйымдарындағы қызметкерлер санының нормативіне сай белгіленеді. Мұнымен бірге халық шаруашылығының барлық салаларына жаңа техниканы қолдану, өндіріс процестерін механикаландыру, автоматтандыру, кәсіпорындағы жұмыс күшінің жаңа резервтерін жұмылдыру, жұмыс істейтіндердің еңбегін дұрыс ұйымдастыру есебінен мүмкін болатын еңбекті үнемдеу де есепке алынады. Білім беруді дамыту мен квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың көзделіп отырғн мөлшері, сондай-ақ халықтың жас құрамын болжауды негізге ала отырып, тек оқуға тиітсі еңбек жасындағы халықтың саны анықталды. Жоспарлы жиынтық балансты территориялық көлемде есептеу жаңа кәсіпорындарды орналастыру және жұмыс істеп тұрғындарын реконструкциялаукезінде еңбек ресурстарының қолдағы бар мөлшері мен жұмыс күшіне деген қажеттіліктің арасындағы үйлеспеушілікті болдырмау үшін шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Территориялық баланстар негізінде халықтың қоныс аударуының (миграция) бағыты мен қажетті көлемі анықталды. Еңбек ресурстарының балансының деректерін жаңа кәсіпорындардың құрылыс орнын таңдау үшін де пайдаланады.
Жоспарлы жиынтық баланс қалалық және селолық жерлер бойынша бөлек жасалады. Осының негізінде село тұрғындарының қалаларға ауысу көлемін анықтап, қала, село халықтарының санын болжауға болады. Еңбек ресурстарының жиынтық балансын жұмыс күшінің балансымен шатастыруға болмайды. Біріншісі елдің және оның жекелеген аудандарының барлық еңбек ресурстарының пайдалануын (яғни жұмыс істейтіндермен қоса) көрсетсе, екіншісі тек қызметкерлердің пайдаланылуын көрсетеді. Осыған сай жұсы күшінің балансы халық шаруашылығының және кәсіпорындары мен мекемелері және жеке салалары бойынша жасалады. Мұнда жоспарланып отырған кезеңде қызметшілерге деген қажеттілік және оны қамтамасыз етудің кездері көрсетіледі. Шаруашылық салары мен кәсіпорындарының жұмыс күшінің баланстарын, еңбек ресурстарының жоспарлы жиынтық балансының есептеулерін негіздеу үшін пайдаланады.
Еңбек ресурстарының жеке баланстары (колхоз жұмыс күшінің балансы, жастардың еңбегін пайдалану балансы т.б.) жиынтық баланстың жекелеген көрсеткіштерін негіздеу, сондай-ақ жоспарланған уақытта халық шаруашылығын жұмыс күшімен жалпы саны, мамандығы, квалификациясы бойынша қамтамасыз ету үшін қажет барлық жағдайларды және еңбекшілерді жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды ескеру мақсатына арналған. Бұл аталған баланстар бірін-бірі толықтырып отырады.
Колхоз жұмыс күшінің балансы колхоз шаруашылығының барлық саласында істеп жүргендердің санын негіздеуге арналған. Осының негізінде жұмыс істеп жүрген колхозшылардың (колхоз шаруашылығында т.б. салаларында) орта есеппен бір жылдығы және ең жұмысы көп науқан уақытта бір айдағы саны анықталады. Колхоздардың қоғамдық шаруашылығын жұмыс күшімен қамтамасыз етудің кездері, елдің бір ауданынан босатылып, екінші бір аудандарына ауыл шаруашылық емес салаларға жіберуге болатын колхозшылардың саны анықталады. Босатылуға тиісті жұмыс күшінің мөлшері колхоз өндірісін механикаландыру жоспары арқылы негізделеді.
Жастардың еңбегін пайдалану балансында (жастардың баланстық есебі) мектебті бітіретін жастардың саны көрсетілдеі, оның ішінде халық шаруашылық саласында жұмыс істеуге және одан әрі оқуға жіберілетін жастардың саны анықталады.
Еңбек ресурстарын балансы өндірістің көлемінде, оның салалық құрылымы мен территориялық орналасуында болған өзгерістерді көрсетіп, халық шаруашылығын өркендету жоспарын қалыптастыруға әсер етеді. Еңбек ресурстарының балансы өндіргіш күштерді орналастыру жоспарымен байланысты. Ал бұл жоспарда жеке аудандардағы, оның ішінде орташа және шағын қалалардағы жұмыс күшінің резервтері ескеріледі. Жұмысшыларды ұйымдасқан түрде жинау жоспрлары халықтың қоныс аудару процестерін реттеуге қызмет етеді. 1966 жылы құрылған еңбек ресурстарын пайдалану жөніндегі республика комитеттер (жергілікті ұйымдары бар) елдің аудандары мен қалалары бойынша жұмыс күшінің тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Олардың міндеті еңбек ресурстарының жәй-күйін ұдайы зерттеп отыру, жұмыс күшінің жаңа резервтерін ашу, халыққа кәсіпорындар мен мекемелердегі бос орындар жайында хабарлап отыру, еңбекшілерді жұмысқа орналастырудың жедел шараларын ұйымдастыру, орталық жоспарлау, шаруашылық органдарына еңбек ресурстарын неғұрлым толық және тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.