Е) Жаңа экономикалық саясат жылдары
5. «Бесеудің хаты» деп аталатын Ф.Голощекинге ашық хат жазған республика қайраткерлерінің ішінен артығын табыңыз.
А) Т.Рысқұлов
В) М.Ғатаулин
С) Ғ.Мүсірепов
D) М.Дәулетқалиев
Е) Е.Алтынбеков
6. Батыс түркілерден Еділ бұлғарлары, хазарлар мен қимақтар бөлінді:
А) Иштеми өлгеннен кейін
В) Тардуштың билігі тұсында
С) Шегу қағанның тұсында
D) Қапаған қаған билікке келгеннен кейін
Е) Тон-ябғу өлімінен кейін
7. Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкин Орынбор жерінде зерттеу жүргізді:
А) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жайында
В) Сырым Датұлы бастаған көтерілісі жайында
С) С.Разин көтерілісі бастаған жайында
D) И.Таймаұлы көтерілісі бастаған жайында
Е) 1824 жылы бекітілген жарғы жайында
8. 1985ж. сәуір Пленумында КОКП ОК-нің қаралған мәселесі:
А) «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы күрес» қаулы жарияланды
В) КСРО-ның әлеуметтік –экономикалық дамуын жеделдету
С) Тұрғын үй мәселесін толық шешті
D) Азық- түлік бағдарламасын енгізді
Е) Республика басшысын ауыстыру қарастырылды
9. Мемлекеттік құрылымдарды құрылу уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1. Қазақ АКСР-і; 2.Алашорда үкіметі; 3.Қазақ КСР-і; 4.Қазақ революциялық комитеті
А) 4,3,1,2
В) 2,4,3,1
С) 2,4,1,3
D) 3,4,1,2
Е) 1,2,3,4
10. А.Бірімжанов пен Ш.Қосшығұлұлы:
А) Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушылар
В) Қарқаралы петициясының авторлары
С) Жалпыұлттық десократиялық қозғалыстың көсемдері
D) Өлкедегі жұмысшы қозғалысының басшылары
Е) І,ІІ Мемлекеттік Думаға сайланғандар
Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ
Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің «бесігі» саналады. Даланың экологиялық, табиғи-климаттық жағдайы көшпелі шаруашылығына қолайлы болды. Бұл көшпелі өркениеттің ұзақ уақыт сақталуына ықпал етті.
-Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін (түркілер, моңғолдар, ирандықтар) және түрлі нәсілге жататын (моңғолоидтер, еуропеитер, және аралас нәсіл түрлері) халықтардан құралды. Олардың ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, ислам) болды. Оларды «туыстырған» және біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі мад шаруашылығы еді.
-Ұлы Дала елеулі тарихи оқиғалар алаңы болды. Оның тарихи шайқастар мен жорықтарға және басқа да әскери-саяси оқиғаларға толы көшпелі мемлекеттер тарихы. Көшпелілер бүкіл Еуразияның саясатына ықпал етіп қана қоймай, тіпті олардың саясатын да анықтады.Көшпелілер сақ, ғұн дәуірлерінде, Моңғол империясы мен Алтын Орда уақытында Еуразияның халықаралық саясатына өз үстемдігін жүргізіп отырды.
-Ұлы Дала- кең байтақ ашық кеңістік. Даланың табиғаты ұшы-қиыры жоқ байтақ алқапты болып келеді. Ұлы Дала Алтай халықтарының ежелгі атамекені болған.
11. Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қайнаркөзіне жататын қола дәуірінің б.з.б. ХVІІ-ХІІ ғасырларға жататын мәдениеті:
A) Андрон
B) Алакөл
C) Беғазы-Дәндібай
D) Федоров
E) Сынтасты
12. Сақтарды «Соғдылықтардың сыртындағы мемлекет» деп атаған жазба қалдырған ел:
A) Парсы
B) Грек
C) Рим
D) Қытай
E) Мидия
13. «Ұлы Дала Өркениеті» таралған аймақ:
A) Каспий ден Жерорта теңізіне дейін
B) Алтайдан Амударияға дейін
C) Енесейден Сырдарияға дейін
Достарыңызбен бөлісу: |