Қазақстан тарихы



Дата18.05.2023
өлшемі339,35 Kb.
#94629
Байланысты:
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық демократиялық қозғалыстың жандануы








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Қазақстан тарихы

Баяндама






ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық демократиялық қозғалыстың жандануы


Баяндама



Орындаған: Әнуарбек Б.Н.
Қабылдаған : Жолдыбаева С.А.
Алматы 2022

ХХ ғасырдан бастап патша үкіметінің қазақтарға деген қысымы күшейе түсті. Жағдайы нашар халық одан бетер жүдеді. М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді. Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды. Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ...". Осылай алғашқы ірі көлемді петиция «Қарқаралы петициясы» жарияланды. Петиция 1905 жылы Қарқаралы қаласына жақын, Қоянды деп аталатын жәрмеңкеде дайындалды. Петицияның басы қасында болған ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов. Петициясының басты талабы – Мемлекеттік Думаға қазақтарды сайлау. Петиция пошта-телеграф арқылы патша атына 1905 жылы 22 шілде күні жолданды.





Петиция нәтижесі – қазақтар Мемлекеттік Думаға сайланды. Ұлт зиялылары Думаға сайлана салысымен қазақтар қамына кірісе бастайды. Патшаға бұл ұнамай, І Думаны 73 күннен соң, ІІ Думаны 104 күннен кейін тарқатып жіберді. Олардың орнына ұлты орыс Т. Седельников, Н. Скалазубов, татар С.Максудов пен башқұрт Ш.Сыртлановты қазақтардың депутаты етіп қойды. Жүдеп тұрған халыққа басқа ұлттың адамының жаны ашысын ба ? Патшаның қолшоқпары болып, қазақтарды аңдумен айналысты.
Осыдан кейін зиялы қауым кішігірім қақтығыстар жасап тұрды, алайда 1916 жылы жағдай үлкен «ұлт-азаттық көтеріске» ұласты.
Көтеріліс І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында болды. Көтерілістің негізгі себептері әлеуметтік – экономикалық және саяси бағытта болды. Патша үкіметінің тарапынан жерді тартып алу, салықтарды көбейту, еңбекшілерді аяусыз қанау секілді жауыздық іс-әрекеттер орын алды. 1916 жылы әр үйден «соғыс салығы» алынды. Заңнама бойынша әр түтіннен 1 сом 84 тиын жиналуы тиіс. 1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі 45 миллион десятинадан асты. Бұлардың барлығы қозғалыстың жанама себептері болып табылады. Ең негізгісі - 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. Жарлық бойынша 19-дан 43 жасқадейінгі ер адамдарды қара жұмысқа алынуы тиіс. Алайда шын мәнінде жағдай олай болмады. 1916 жылғы 23- тамыздағы үстеп тап өкілдерін, ақсүйектерді, діни қызметкерлерді қара жұмысқа алудан босату туралы Курапаткиннің құпия жарлығы шығады. Байдың балалары қалып қойып, баяғы сол кедей балалары қиыншылық көрді. Халық көтерілді. Көтеріліс соңы революция болып бітті. Нәтижесінде патша тақтан құлатылып, қос үкімет орнады. Халықтың қалауымен қос үкіметтен «жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңесі» жеңіп шықты. Кейінірек Кеңес өкіметі деп өзгертілді. Осы кезде ұлт зиялыларының белсенді қимылдары басталды. Кеңестің көсемі Ленин қазақтарға қатты қысым жасамады, көтеріліс ұйымдастырушыларына кешірім беруді шешті. Жаңадан құрылған Кеңестің жуастығын пайдаланып, қазақтар 1917 жылы шілдеде «Алаш автономиясын» құрды.

Басы қасында болғандар : Әлейхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай.


Алайда 1921 жылы алашордалықтардың контрреволюциялық ұйым болғаны жайлы мәлімделді. Нәтижесінде Әлейхан Бөкейханов жұмыстан босатылды, Алашордалықтар мемлекеттік жұмыстардан шеттетілді. Және Мұстафа Шоқай шетелге эмиграцияға кетеді.
Осымен, ХХ ғасырдың басындағы елде болған ұлттық-демократиялық қозғалыс сәтсіз аяқталды. Шын мәнінде сәтсіз деуге де келмейді. Себебі, көтерілістің тарихи мәні зор болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет