Қазақстан тарихы-2
1.Орда Еженнің ұрпағы Ұрыс хан билеген мемлекет
А Алтын Орда
В Ноғай Ордасы
С Ақ Орда
Д Сібір хандығы
2.Қазақстанда фермерлік шаруашылықты құру мен дамытуға талпынған тұлға
А А.Қадыров
В И.Худенко
С Ш.Берсиев
Д Ж.Қуанышбаев
3.Жаңа экономикалық саясатқа тән белгі
А мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есеп жүйесіне көшірілді
В жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін енгізілді
С мемлекеттік монополия орнатылды
Д азық-түлік салғырты енгізілді
4.Еуразия Ұлттық университеті қай жылы құрылды
А 1996 жыл
В 1997 жыл
С 1998 жыл
Д 1986 жыл
5.Қарахан жерлерінде вакфтық жерлерді иеленген қызметкерлер
А қара халық
В уәзірлер
С намангерлер
Д дінбасылар
6.1906 жылы патша жарлығы бойынша әскери жағдай енгізілген облыстар
А Ақмола мен Семей
В Торғай мен Алматы
С Өскемен мен Семей
Д Алматы мен Қызылорда
7.Қимақ қағанатының астаналары көрсетілген қатарды белгілеңіз
А Имақия, Суяб
В Бесбалық, Карантия
С Имақия, Карантия
Д Бесбалық, Суяб
8.Орта жүзде хандық билік жойылған жыл
А 1867 жыл
В 1870 жыл
С 1868 жыл
Д 1822 жыл
9.Қазақстанда шаруаларға салықтың тек ақшалай түрі енгізілді
А 1922 жылы
В 1921 жылы
С 1926 жылы
Д 1924 жылы
10.ХІХ ғасырда Орал облысында орналасқан жәрмеңке
А Шар
В Атбасар
С Ойыл
Д Қарқара
11.1991 жылы желтоқсанның 8-ші жұлдызында үш славян мемлекетінің басшылары бас қосқан қала
А Ашхабад
В Минск
С Киев
Д Мәскеу
12.1989 жылы шілдедегі Қарағанды шахтерларының ереуілде қойған саяси талабын белгілеңіз
А Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру
В Жалақыны 2,5 есе көтеру
С Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару
Д Одақтық министрліктің монополиясын жою
13.1960 жылдары мақта-мата комбинаты салынған қала
А Рудный
В Алматы
С Шымкент
Д Ақтөбе
14.Ежелде Гиркан деп аталған теңіз
А Арал
В Қара теңіз
С Каспий
Д Жерорта
15.Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев кеме алдыртқан ел
А Англия
В Ресей
С Швеция
Д Үндістан
Мәнмәтін тапсырма – Орталық Азия өркенитетінің ежелгі отаны Сырдария аймағы
Орталық Азия өркениетінің ежелгі ошағы Сырдария аймағы Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атаумен Авестада кездеседі, Ал Сыма Цянь оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман тарихшылары мен жағрапияшылары деректер қалдырды. Х ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Испиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарды.
Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 24-25 бб.
16. Мәнмәтінді пайдаланып, ежелгі дәуірде Сырдария аймағында өмір сүрген тайпаны анықтаңыз
A Сақ
В Үйсін
C Қаңлы
Д Ғұн
17. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениет ошағының орталығы болған шаһарды анықтаңыз
A Жент
B Тараз
C Баршынкент
Д Фараб
18. Мәнмәтінді негізге алып, ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның орта ағысында құрылған ортағасырлық мемлекетті анықтаңыз
A Қыпшақ хандығы
B Оғыз мемлекеті
C Қарақытай мемлекеті
Д Қарлұқ қағанаты
19. Мәнмәтін бойынша Орталық Азия тарихында маңызды рөл атқарған қалаларды анықтаңыз
A Қойлық, Талхиз, Алмалық
B Баласағұн, Суяб, Науакент
C Сауран, Созақ, Сығанақ
Д Жент, Ақтөбе, Кедер
20. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениетіне қатысты дұрыс дәйекті анықтаңыз
І. Сырдария аймағы өркениет ошағының ірі орталығы Тараз
ІІ. Қаңлы мемелкеті туралы мәліметтер Қытай дерегінде кездеседі
ІІІ. Мұсылман жылнамаларында Сырдария жазирасы Түркістан деп
аталды
ІV. Сырдария аймағы ХIII ғасырдың бірінші жартысында монғол
шапқыншылығына ұшырады
V. Сығанақ қаласы Шығыс Түркістандағы маңызды сауда орталығы
A І, ІV
В ІІ, ІІІ, ІV
С І, ІІІ,V
Д І, ІV,V
Қазақстан тарихынан сынақ аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |