«Қазақстан тарихы» 6 сынып IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Дата22.05.2023
өлшемі76,91 Kb.
#96129

«Қазақстан тарихы» 6 сынып IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны

тапсырма№

Тапсырма түрі

Орындау уақыты, мин

Балл

Бөлім бойынша балл

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы



6.3.1.11 Қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

Қолдану

1

1

КТБ

5

7

21

6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау



Қолдану

1

2

КТБ

10

4

6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау



Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

15

10

XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет



6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Қолдану

1

4

ҚЖ



10

4

4

Барлығы:

-

4

-

-

40

25

25



«Қазақстан тарихы» 6 сынып IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
1.Тапсырма.
Төмендегі берілген әлеуметтік атауларға анықтама беріңіздер.

  1. Хан...................................................................................................................

  2. Сұлтан..............................................................................................................

  3. Би.....................................................................................................................

  4. Батыр

  5. Малшы

  6. Жатақ

  7. Қожа [7б]

2.Тапсырма.
Берілген суретке қарап «Көшпелілердің әскери өнері» тақырыбына эссе жазыңыздар. Эссе 60-70 сөзден тұрады.
Эссе критерийлері:
1.Көшпелі қазақтардың әскері қалай жасақталғаны туралы бір дерек және өның құрамы туралы бір дерек келтіріңіз.
2.Қазақтардың сол дәуірдегі қару жарақтарына сипаттама беріңдер.
3. Қорытынды ой жазыңыз.

[4 б.]
3.Тапсырма.
Төмендегі кестені толтырыңыз.



Хан

Билік құрған жылдары

Сыртқы саясаты

1

Қасым







2

Хақназар







3

Тәуекел







4

Есім







5

Тәуке





[10 б.]
4.тапсырма.
Берілген сөздердің мағынасын жазыңыз.

Жұт

Зекет

Тебінді

Тасаттық













1.Қуаңшылық жылдары жасалған ырым.
2.Малдардың жаппай қырылуы.
3.Малшылардан алынатын салық түрі.
4.Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым.

[4б]


Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша
ақпарат

1



Хан - Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан жоғары тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді, бүкілхалықтық Құрылтай шақырады.

1

-

Сұлтан - Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады,елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.

1

Би - Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға қатысады, бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты Құрылтайға қатысады.

1

Батыр - Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған, жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді

1

Малшы- Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса,байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарынан,
басқалардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін ағайындары арасында асар жасайды

1

Жатақ- Қалада тұрады, бұрын малшы болғанымен, туыстары немесе өзі барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн көріске ақша табады

1

Қожа- Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды

1

2



Көшпелі қазақтардың әскері қалай жасақталғаны туралы бір дерек келтіреді

1

Білім
алушының

басқа да дұрыс

жауаптары
қабылданады




Көшпелі қазақтардың әскерінің құрамы туралы бір дерек келтіреді

1

Қазақтардың сол дәуірдегі қару жарақтарына сипаттама береді

1

Қорытынды ой жазады

1

3



Қасым хан билік етті: 1511-1518

1




Қасым хан саясаты: Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға тартылды. Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекетімен алғашқы байланыстар орнатты. Қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгілі болды.

1

Хақназар хан билік етті: 1538-1580

1

Хақназар хан саясаты: Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен елшілік қарым –қатынас орнатты. Қазақ елінің шекарасын кеңейтті.

1

Тәуекел хан билік етті: 1583-1598

1

Тәуекел хан саясаты: Негізгі бағыты Сырдария бойы қалалар үшін және Сібір ханы Көшіммен күрес жүргізді.

1

Есім хан билік етті: 1598-1628

1

Есім ханның саясаты: Сырдария қалалары үшін Орта Азия билеушілерімен 200 жылға созылған күресті жеңіспен аяқтады. Ташкент және Түркістан қалалары қазақ хандығының құрамына кірді.

1

Тәуке хан билік еткен жылдар: 1680-1715\18

1

Тәуке хан саясаты: Ойраттармен күрес жүргізді. Ресеймен жақындаса бастады. Қазақ хандығының ыдырауына жол бермеді.

1

4

Жұт - Малдардың жаппай қырылуы.

1




Зекет - Малшылардан алынатын салық түрі.

1

Тебінді- Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым.

1



Тасаттық - Қуаңшылық жылдары жасалған ырым.

1

Жалпы балл

25


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет