Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)


Күшті жақтары және Қауіп қатер



бет5/6
Дата16.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#43373
1   2   3   4   5   6
Күшті жақтары және Қауіп қатер:

  • Азықтың сапасыз болуының алдын алу үшін табиғи таза өнімдерді өндіріске шығару қажет

  • Инвестицияның өшуінен сақтану үшін әр саладағы жетістіктерімізді көрсете білуіміз керек

  • Урбанизацияның төмендеуінен сақтау үшін қалаға дейінгі жеткізу айналымдарын қарастыру

Мықты жақтары және Әлсіз жақтары

  • Жеткілікті инвестиция деңгейіне жету үшін саланың жетістіктерін анықтау

  • Жастардың қызығушылықтарынан арылмас үшін дәстүрлі саламыз екенін айқындату

  • Жекешелендіруді болдырмас үшін жалпыұлттық ортақ еңбек, тер, талпынысты көрсету.

Әлсіз жақтары және Мүмкіндіктер

  • Егер экономикалық өрлеу жүретін болса, субсидиялардың бөлінуі қанағаттанарлық болады

  • Үлкен экспорттаушы елге айналсақ, жекешелендіру, орталықсыздандыру орын алмайды

  • Ғылыми техникалық прогресс орын алса, ас сапасы төмен болмайды.

  • Табиғи өнімдерді әлемге танытсақ, жастардың қызығушылықтары да арта түседі.

  • ЖІӨ артса, ИТ мамандары да көбейеді.

  • Аграрлы саладан көш бастаушы елдер қатарына кірсек, инвестициялар ағылады.


IV. ҚОРЫТЫНДЫ
Әлеуметтік зерттеудің сұхбат және сауалнама әдістерін қолдану арқылы, Қазақстанда аграрлы өнеркәсіп саласы жеткілікті деңгейде емес, дегенмен бізде бар мүмкіндіктер мен потенциалдың жоғары екенін көреміз. Сауалнама нәтижесінен де ауылшаруашылығының негізгі азық көзі, ең арқа тіреп сеніп отырған қорымыз екенін байқадық. Себебі, демографиялық өзгерістер біз күтпеген ресурс тапшылықтарына әкелуі мүмкін. Одан бөлек, ол біздің болашағымызды қамтып қана қоймай, жалпы мемлекетіміз үшін үлкен мүмкіндік. Осы саланы дамыту арқылы біз әлемдік державалардың біріне айналуға мүмкіндік аламыз. Дегенмен еліміз де құр қол қусырып қарап отырған жоқ. Бастапқы социализм кезіндегі агро саласына аяқ басқандағы онжылдықтың ауыр болғаны рас. Оған қарамастан, бұл жолда мойынсымай, ары қарай бағдарламаларды енгізіп, заңмен бекітіп, қазір бірталай жетістіктерге жетіп отырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жоспарлы талдауында аграрлы саланы қарқынды дамыту жолдарын атап өтіп, ауылдың табиғи өнімдеріне жаһандық сұраныстың артуын айтқан. Ол әлемдік проблема және бізге үлкен мүмкіндік ретінде көріп, өнімділікті арттырып, егістікті ұлғайтуға бағдарламалар ашқан. Стратегиялық мақсаттың ең бірінші қадамы - "Агробизнес- 2020" бағдарламасының қабылданғаны болды. Бұл бағыттың негізгі төрт жобасы бар: қаржылық сауықтыру, тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетудің қол жетімділігін жоғарылату, агроөнеркәсіптік комплекс субъектілерін қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру. Одан бөлек, ең ауқымды Қазақстан-2050 стратегиясының «І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ» категориясына сай, бесінші қадамы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру болатын. Негізгі міндеті өнімділікті арттыу. [13] Ал осы орайда,АӨК-ні дамыту жолдары ретінде бірнеше шешімдерді ұсынсам:

  • Старт-ап жобаларын дамыту

  • Инвестициялық субсидиялар

  • Студенттердің стипендиясын арттыру, қызметкерлердің жалақысын көтеру

  • Тұрақты Даму жоспарын іс жүзіне айналдыру

  • Жаңа бес немесе онжылдық агро саласына бағдарламалық жоспар құру

  • Өзге елдермен етене байланыс орнату

  • Ғылыми технологиялармен қамтамасыздандыру

  • Аграрлық салада субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру

Зерттеуші ретінде менің жеке пікірім, агро саласы ол біздің мәдениетіміздің айнасы, экономиканың бастамасы, жаңа өмірге қадам, болашақ бейбіт, бай Қазақстанның кілті.

Рефлексия
Жеке курстық жұмыс сәтті аяқталды деп ойлаймын. Кіріспeде қoйылған жoба мақсaтына қoл жeткізілді жәнe зeрттеудің бaрлық сұрaқтарына тoлық жауаптар берілді. Тек қиыншылық тудыртқаны ол тақырыптың ауқымдылығы және қарапайым халыққа түсінуге қиыншылық тудыруы. Сол себепті ең алдымен, респонденттерге жеке тақырыпты түсіндіруді жөн көріп, өз ойымдағыдай болып шығара алдым деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
[1] Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері – реферат :https://malimetter.kz/
[2] Ауылшаруашылығын дамыту- басты бағыт Мақала: https://kokshetautv.kz/
[3] Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы :Әділет Заң
[4] Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
[5] https://knoema.ru/ Сельское хозяйство Либерии


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет