Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)


Аграрлық индустрия саласы бойынша әлемдік деңгейде көш бастап тұрған елдер жайлы



бет4/6
Дата16.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#43373
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сейтахмет Шырын 12А(курстық жұмыс)

2.2 Аграрлық индустрия саласы бойынша әлемдік деңгейде көш бастап тұрған елдер жайлы
Әлемдік деңгейде қарастырғанда аграрлы қоғам қалыптастырған мемлекеттер жетерлік. Мысалы Либерия, Ресей, Лаос, Эфиопия, Сомали және т.б. Олардың ең бірінші құзыреттіліктері ол мамандық атағы. Әсіресе біздің мемлекетте атақ, өзгелердің алдындағы абырой басатындықтан, аграрлы сала аса қатты кең таралмаған. Тиісінше, шетелдерде ондай мамандарға жалақы да жоғарырақ болады. Жеке Либерияны алатын болсақ, оның экономикалық көрсеткішінің ЖІӨ-нің 77%-н ауыл шаруашылығы құрайды. [5] Ал мал шаруашылығынан көш бастап тұрған АҚШ, Франция, Канадада асыл тұқымдыларды елге әкелу арқылы емес, ғылыми инвестициялық көште олардың ағзаларына жоспарлы түрде мақсатты геномальды өзгертулер енгізу арқылы алуды бастауда. Ғылымның дамуы арқылы олар зиян келтірмей, керісінше құндылықтарын өрбітетін жолмен мутациялайды. Ол өсімдіктерге, яғни жемістер мен көкөністерге де қатысты. Мысалы, акуланың азу тісімен жасалатын алма, құстардың суларымен мутациялайтын жемістер, бір сөзбен гендік модификацияланған өнімдер арқылы сапасын, сақталу ұзақтылығын, төзімділігін арттырып, сұраныста көш бастап отыр. Дәл осы геномдық сұрыптауды қолдану нәтижесінде Францияда соңғы 20 жылда сауын сүтінің көлемін бір сиырға шаққанда жылына 1,5 есеге өскен. Аумағы біздің Алматы облысының 1/5 бөлігін ғана құрайтын Нидерланды АҚШ-тан кейінгі екінші орында, жылына құны 50 млрд. [6] АҚШ долларын құрайтын ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып отыр. Оның ең басты жетістік кілті ол азық алқабының болуы. Яғни, АҚШтың Силиконына сай Вагенинген университеты жеке бас шенеуніктерден ықпалы басымырақ. Себебі ол барлық жұмыстары кіріктірілген бір орталыққа бағынады және заманауи голландиялық өнеркәсіп генераторы болып табылады. Киббуца және Машаваларда кооперативтік құрылымдарды жүргізіп отырған Израилде әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. [1] Одан да, алысқа бармай ақ, Ресей де ең ірі экспорттаушы елдердің бірі. Ерекше көңіл егіншілік бағытына бұрылған 56% және 44% мал шаруашылығына тиесілі. Эксперттердің айтуынша экономикалық кіріс қару сатылымдарынан қарағанда, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортынан көбірек келеді. Яғни, бұл саланың актуалдылығы жоғары және өлмейтін айналымға ие. Мемлекеттік қолдау деңгейінің төмендігі тікелей ауылшаруашылығын қолдау көрсеткішіне әсер етеді. Ал Қазақстандағы ДСҰ келісіміен зерттелген қорытынды 4,4 пайызды құрайды. Яғни мемлекеттік қолдаудың шекті деңгейі 8,5 пайыз болғандықтан, тағы екі есе арттыру қажет. [11] Қысқаша, өзге елдердің жетістікке жету жолы тікелей мемлекет қызығушылығында, агроөнеркәсіпке қойған назары мен тәуекелінде жатыр. [6]

2.3 Ауылшаруашылығын дамытудың негізгі маңызы және мүмкіндіктері
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені саласынан потенциалы жоғары елдер қатарына кіреді. Негізгі тұтқа Қазақстанның ең алғы артықшылығы, олар инвестициялық және географиялық климаттары. Инвестициялық климатына келетін болсақ ең алдымен гектарға саналғандағы аумақ, халық тығыздығы және экономикасы және Адами даму индексі. Жекелеп қарастыратын болсақ, Қазақстан биылға 670 мың гектардан астам алқапты суармалы жер айналымына қосады, әлі енбеген 3 есе жер бар. Халық саны да тиісінше аз, жұмыс күші өзге елдермен салыстырғанда жақсы деңгейде, білім көрсеткіші де жыл санап артуда. Экономикамыздың маңызды саласы ретінде агро өнеркәсіпке арнайы мемлекеттік қаржылай көмек пен Даму қоры жұмыс атқарады. Мысалы, Ақмола облысының өзіне 31 млрд қаржы бөлініп, оның 6.4 млрд мал шаруашылығына тиесілі болған.Қысқаша, инвестициялық климаттың қолайлы екенін көруге болады. [2] Географиялық климатқа келер болсақ, еліміз 4 түрлі климаттық белдеулерді қамтиды. Орташа жауын-шашын мөлшері 250-300мм, оның 80%ы жылы мезгілде. Қуаңшылықтың орташа мөлшері бір ай. Бір сөзбен, егіншілікке және мал шаруашылығына өте қолайлы белдеуде орналасқан.
Бәрімізге мәлім, әлемнің демографиясы күн санап артуда, 2050 жылға қарай халық саны 10 млрд. санына жетеді деген болжам бар. Сондықтан азық-түлік жетіспеушілігі мәселесінің алдын алуымыз керек. Оның негізгі қолы ол аграрлы бизнес. Яғни, қаншалықты ертерек біз осы саланы қолға алсақ, соншалықты әлемдік деңгейде маңыздылыққа және басымдыққа ие бола аламыз. Әлемдік нарықтағы басым ықпалға ие болып, барша мемлекеттерге азық таратып, экспорттаудың ел беделі мен орнын айрықша ететінін әрбіреуі біледі және соңғы жылдарда оның маңызы арта түскен. Дәлірек айтатын болсақ, әлемдік коронавирус індетінің сыры білінгенде жалпы халықтың азықты айлап, жылдап алғаны мәлім. Сол кезде өндіріс пен өнімнің арасындағы үлкен айырмашылық білініп қалды. Ал, Африканың кедей мемлекеттеріндегі аштық одан сайын күшейді.
III. Зерттеу әдістері
Қазақстандағы аграрлық бизнесті дамытудың маңызын зерттеуде бірінші және екінші реттік әдістерді қолданамын. Бірінші реттік зерттеуде, жалпы объективті топ мүшелерінің ойларын біле аламыз. Оны қарапайым онлайн сауалнама алу арқылы көреміз. Сауалнамада 8 сұрақ бар. Негізгі бағыттық мақсаты ауылшаруашылығының жастар арасында қаншалықты таралғандығын біліп, оның маңызын көрсету. Нәтижесі ретінде гистограммалар мен диаграммалар көрсетілген. Ал екінші түрі, ол сұхбат. Сұхбат экономика пәнінің мұғалімінен алынған. Себебі, дәл солай аграрлы өнеркәсіптің экономикадағы маңызы, және жалпы сыни көзқарас алу мақсатында ұстаздан алғанды жөн көрдім. Сұхбат WhatsApp қосымшасы көмегімен видео-қоңырау шалу арқылы өткізіліп, шамамен 15-20 минутқа созылған болатын.
Ал екінші реттік зерттеу әдісінде ғаламтордың тікелей қатысымен болған кездесулер, келісім шарттар және дөңгелек үстел басындағы талқылаулар зерттеледі. Ол зерттеу сұрақтарында да қолданылған. Себебі, тақырып сыни ойлаумен ғана шектеле алмайды. Ауқымды, мемлекеттік маңызы бар, қазіргі заман мәселесі болғандықтан, саяси тұрғыда шешілу жолдарын көрсеткен мардымдырақ болады.



Зерттеу нәтижелері

Диаграмма 1

Бірінші сұрақтан ең алдымен агро өнеркәсібі қаншалықты дамығанын білуге болады. Жауаптар бойынша басым бөлігі аса дамымаған, жалпылама алғанда ауылшаруашылығы қолданысы орташа деңгейде көрініс табады.



Диаграмма 2

Келесі сұрақта ауылшаруашылығы өнімдерін қаншалықты тұтынатыны, қолданыс аясы мен деңгейі анықталады. Жауап бергендердің 81 пайызы жиі тұтынатындары жайлы атап өтті. Ол қазіргі сатылымда жүрген құрт, айран, май және тағы басқалары. Жауап берушілердің жуықтап алғанда толығы қаланың адамдары, сондықтан ауылшаруашылығы өнімдерінің тіпті қалалық аймақтарда таралуы оның потенциалын көрсете алады.


Диаграмма 3

Жоғарыдағы сауалда осы табиғи өнімдердің денсаулық мәселелерін шеше алу мүмкіндіктері жайлы таза сыни пікірге арналған сұрақ. Қорытындысы бойынша, бестен төрт бөлігі берілген тұжырыммен келісіп, тағы бір мәрте агро саласының өнімдерінің маңызын көрсетіп отыр. Оның адам денсаулығына деген пайдасын ашады.



Диаграмма 4

Сауалнаманың жалғасын тапқан келесі сұрақта да ауылшаруашылығының өзге салаға қосатын маңызы мен әсерін білу үшін қойылған. Нақтырақ айтсақ, экономика саласына әсері бар ма, соны зерттеген. Қорытындысы бойынша, тағы да басым бөлігі, 72.4% оның экономикаға әсерінің болатындығы жайлы жазған. 23.8% бұл сұраққа жауап беруде қиналған. Сауалнама оқушылар арасында болғандықтан, кіші сынып оқушылары берілген тұжырымды толық түсіне алмауы мүмкін деген ой бар.



Диаграмма 5

Бұл сұрақта АӨК-ні дамыту арқылы елімізде қай салалардың жұмыстарын шеше алатынымыз жайлы айтылған. Сұрақ жауаптарын қарайтын болсақ, ең көп дауысқа ие болған экономика саласында болуы мүмкін өзгерістер. Яғни, көпшіліктің ойынша АӨК-ні елімізде дамыту арқылы бізде экономика саласында үлкен жетістіктерге жете аламыз. Себебі, ең алдымен ол экспорт пен импортты көбейтеді. Одан кейін, келесі медициналық және экологиялық салалары да көп дауыс жинаған. Яғни, табиғи таза ауыл өнімдерін тұтыну арқылы ең алдымен денсаулығымыз мықтырақ болады және екіншіден, оның табиғи биологиялық айналымы жүреді. Яғни, Жер шарына зиянын тигізетін артық пластик, басқа да қоқыстар аз болады.


Ары қарай тиісінше, осы мәселенің шешу жолын да қарастырған. Ең тиімді жолшы ретінде инвестицияларды арттыру жазылған. Яғни, қазіргі таңда да ол салаға инвестиция айтарлықтай көп емес. Осымен бірдей қатынаста тұрған келесі шешім ол Отандық өнімдерді экспорттау. Бәрімізге мәлім, бізде ресурс бар, бірақ экспорт жоқ. Керісінше импорт басымырақ. Сондықтан, бар нәрсемізбен экспортқа шыққан бізге тиімді жол болады. Одан ары шет елдермен бірлесе жұмыс атқару, ғылыми техникалық прогресс және әлеуметтік тұрғыда жалақы, шәкіртақыны көтеру сияқты шешу жолдары да бар.

Соңғы сұрақта жалпылама қорытынды ретінде АӨК-нің маңыздылығына баға беру болған. Кқрініп тұрғандай, оның маңыздылығы өте жоғары деңгейді көрсетті.




Сұхбат нәтижесі
Зерттеу әдісінің екінші түрі - сұхбатты мен Талдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің кураторы Тленчиева Ильмира Сагатовнадан алдым. Бұрын экономика пәнінің мұғалімі болған, қазір бірталай жобалардың басшысы, организаторы ретінде жұмыс атқарады. Сондықтан сұхбатым да тәжірибесі мол адамнан алынып, сәтті өтті.
Негізгі сұхбат бойынша аграрлық бизнес біздің елімізде аса дамымағанын айтып өтті. Дегенмен, жоғарыда да айтылғандай еліміздің потенциалы өте жоғары. ЖІӨ бойынша еліміздің экономикалық көрсеткіші жыл санап артуда. Аздаған өзгеріс болса да, Ұлттық Қордың көлемі артып келеді деп өтті. Ол тиісінше әр салалардың дамуына үлесін қосады. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеніне айрықша көңіл бөлінген. Агро-2021 бағдарламасына сәйкес алты жүз мыңнан астам гектар жерді өндірімге қосу орын алды дейді. Жеке сұхбат берушінің ойынан жастардың агро саласына деген қызығушылығы төмен деңгейде екен. Оларды арттыру, мамандандырылған оқу орындары мен жұмыс орындарын арттыру өте маңызды. Қазіргі күні ауылшаруашылығының негізгі құлдырап бара жату себебі ол урбанизация мен жаһанданудың үлкен ықпалы дейді жас куратор, экономика пәнінің ұстазы. Дегенмен, оған қарамастан жас басшылар мен старт-ап жобалардың жеңімпаздары жақсы жұмыс атқаруда. Олардың бетке ұстарлары Дамир Дигай, өзіміздің Жетісу мекеніміздің тумасы, Ақтөбе облысында 28 жасында ірі KAZBEEFGroup компаниясының жетекшісі болған Ернур Айдаркин және тағы да басқа өнерлі таланттарымыз жетерлік.
Енді нақтырақ ауылшаруашылығын дамытудың негізгі маңыздылығына байланысты сұраққа Ильмира ханым ең алдымен ол менталитетті көрсетеді деп жауап қатты. Яғни, байырғы замандағы көшпелі халық менталитеті, малды асырау, жаю және азық ретінде қолданғанымыз қазақ халқының ескі менталитеті және шаруашылық мәдениеті. Екіншіден агро секторының болашағының бар екендегі, үлкен перспективаға ие екендігі оның дамыту маңызын арттырады. Ол дегеніміз, мүмкіндіктердің жоғары болуымен саладағы потенциал және болашақтағы үлкен даму жолы көзделеді дейді. Және ең басты, қарапайым дүние ол халықты азықпен қамтамасыз ету: демографиялық жарылыс кезеңіне жақындап келеміз және бар популяцияны ресурспен қамтамасыз етуіміз керек. Ол жағдайда ең тиімді және маңызды акцент ол агроөнеркәсібі.

III. БАҒАЛАУ
Бағалау талдау және шешімнен тұрады. SWOT-талдау нәтижесі:

S- Мықты жақтары

  • Азық түлікпен қамтамасыздану

  • Географиялық климат ерекшелігін сақтау(биологиялық айналым)

  • Табиғи таза өнім

  • Денсаулық сақтау саласының жетістігі

  • Дәстүрлі саламыз ұлттық идентификацияны сақтайды

W- Әлсіз жақтары

  • Жердің құнарлылығы, топырақ сапасы(Семей полигоны)

  • Ғылыми-техникалық прогресстің төмен деңгейі

  • Жекешелендіру, орталықсыздандыру саясаты

  • ИТ саласындағы мамандар аздығы

  • Жастардың қызығушылықтарының төмен болуы

  • Жеткілікті инвестицияның құйылмауы

  • Субсидиялардың дұрыс бөлінбеуі

O- Мүмкіндіктер

  • Демографиялық жарылыс кезеңінде азықтың қоры

  • Экономикалық өрлеу

  • Үлкен экспорттаушы ел болу

  • ЖІӨ арттыру

  • Табиғи ауыл өнімдерін әлемге таныту

  • Корпорациялық билік

  • Аграрлы саладан көш бастаушы елдер қатарына кіру

  • Жұмыссыздық мәселелерін шешу

  • Ғылыми техникалық прогресс




T- Қауіп-қатерлер

  • Азық түлік сапасыз болу

  • Инвестицияның өшуі

  • Жаһанданудан қалу қаупі

  • Урбанизацияның төмендеуі

  • Экономиканың тәуелді болып қалу қаупі

  • Өзге салалардың дамымай қалуы

  • АӨК-де бәсекелестіктің артуынан, тиімсіз бастамалар, қаржының ауаға кетуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет