Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру



бет39/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.
Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.
Байлардың малын тәркілеу «Асыра сіл­теу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұстаныммен жүргізілді. Әр ауданда жиындар өткізіліп, байлардың іс-әрекеті «әшкереленіпті». Мәселен, Новобогат ауылында жергілікті бай Ерғали Жармағанбетовтің мал-мүлкін тәркілеуге байланысты өткен жиында кедей Жақып Жантазиев: «Мені 1916 жылы старшын болып тұрған ке­зінде тылдың қара жұмысына тіркеу тізіміне жазды. Бір өгіз, 5 рубль ақша, бір мая шөп, яғни пара беріп қалдым», деген. Ол байды тап жауы ретінде тәркілеуді ұсынған. Оны орташа шаруа Бекмұхамедов те қолдаған.Қаңбақты ауылында тағы бір бай – Смадьяр Исмағұловтың дүниесін тәркілеу кезінде Демен Көбусынов 1916 жылы патша үкіметі органдарына қазақ жігіттерін тыл жұмысына алуға көмектескенін, Уақытша үкімет органдарына материалдық көмек көр­сет­кенін айтқан. Бақташы Сүндет Алда­бергеновтің баяндауынша, аяғы үсіп, мүгедек болып қалғанда емделу үшін көмек сұраған. Сол кезде байдың сабағанын, өзінің малын Дауытов дегеннің атына жазып, бөлшектеп таратқанын, салықтан жалтарғанын, тәркілеуден 95 қойын жасырғанын келтірген. Барлық ауданда байлардың мал-мүлкін тәркілеу кезінде жиындар өткізіліп, кедейлер тарапынан қолдау тапқанын архив құжаттары нақтылай түседі. Байларды тәркілеуді тұрғындардың бәрі дерлік қолдады десек, артық айтқан болар едік. Бұған дәлел ретінде мынадай деректерді келтіре аламыз. Мәселен, Теңіз ауданында өткен жұмысшылардың жалпы жиынында №30 мемлекеттік балық тресінің есепшісі Аполихин комиссия өкілдерінің жұмысын тонау­шылық деп бағалап, жұмысшылар мен кедейлерді тәркілеуге қарсы болуға ашық шақырған. Кейін ол жауапқа тартылған. Ал Новобогат ауданының Бегайдар ауы­лында жергілікті тұрғындар бай Жұмағали Жанғожиннің өздерін бандылардан қорғағанын алға тартып, оны қорғап сөйлеген. Сөйтіп, Ж.Жанғожинді тәркілеуге қарсылығын білдірген.Сондай-ақ Арыстанғали Бисалиевті 67 адам қол қойып, ұйымшылдықпен қорғаған. Осы ауданның Қаңбақты ауыл­дық кеңесінің төрағасы Ықыласов пен аудандық комиссияның өкілі Т.Ал­доңғаров жергілікті байлар С.Исмағұлов пен М.Омаровтың малын әдейі таратқаны үшін істері сотқа беріліп, қызметтерінен шеттетілген. Сөйтіп, өлкемізде байларды тәркілеудің нәтижесінде 24 байдың 20-сы атақонысынан – Петропавлға, үшеуі – Қазақстан территориясынан шет­кері елге, біреуі округ аймағынан тыс тұр­ғы­лықты мекенді таңдау құқығымен жер аударылған. Қазақстан аумағынан тыс жерге Теңіз ауданынан тәркілеуге ұшы­раған Қ.Танашев, Қ.Құрманбаев, Қызыл­қоға ауданынан Ж.Жұлдызов айдалды. Сондай-ақ Новобогат ауданының байлары М.Омаров пен С.Исмағұлов әкімшілік күштеу арқылы жер аударылып кеткен.

71.Ұжымдастыру және оның зардаптары.


0-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.
Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.
1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.
Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.
Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.
Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.
72.1932-1933 жж. ашаршылық және оның демографиялық салдары.
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық сталиндік ұжымдастыру саясатының салдарынан болған жоқ. Бұл қазақ ұлтын жоюға және елді Ресейден қоныс аударушыларға қоныстандыруға бағытталған жоспарлы геноцид болды.Мұны коммунистердің жасанды ашаршылықты ұйымдастыру қисыны дәлелдейді. Әрине, колхоз жүйесін құрмай - ақ – екінші феодалдық құқық (большевиктер) (БКП (б)) - ешқандай аштық пайда болмас еді. Егер ұжымдастыру жаппай ашаршылықтың себебі болса, онда КСРО-ның барлық аграрлық өңірлері осыдан зардап шегер еді. Шындығында мүлдем басқа көрініс бар.Аштықтың қасіреті Украинада, Кубаньда, Батыс Сібірде, Поволжьеде, Оралда және Қазақстанда орын алды. Бірақ тек Ресейдің Орталық өңірлері мен Орта Азияда мұндай жағдай болмады.Бұл селективтілікте ашаршылық арқылы Сталиндік геноцидтер жүйесін түсінудің кілті жатыр. Украина, Кубань, Донщина, Еділ аймағы және Батыс Сібір украиндар халықтың едәуір бөлігін құрайтын жерлер болды. Бұл аймақтар коммунистік диктатураға қатты қарсылықтың ошағына айналды. "Егер жау берілмесе, оны жойып жібереді", – дейді коммунистік әдебиеттің классигі Алексей Пешков (партиялық лақап аты – Максим Горький). Осы себепті Кеңес өкіметінің дұшпаны "ұсақ буржуазиялық", яғни шаруалар, Украина халқы және украиндар мен Ресей казактары тұратын жерлер аштыққа ұшырады.Қазіргі Ресей Федерациясының казактары мен казактары сияқты қазақтардың өздері өздерін "казактар" деп атаса да, Қазақстандағы ашаршылықтың себептері басқаша болды. Қазақтар 1917 жылғы қазандағы большевиктік төңкеріске немқұрайлы қарады. Қазақстанның байырғы халқы үшін алыс Петроградта билік үшін шайқасқан ресейлік шовинистердің көтерілісіне қатты көңіл бөлмеді. Коммунизм доктринасына сәйкес большевиктер шаруаларға барлық жасалған өнімдерді "пролетариат диктатурасына" беруге міндеттеді, яғни билікті аяусыз басып алған кәсіби паразит революционерлеріне -коммунистерге. Әрине, бірде-бір қарапайым шаруа қиын еңбекпен жасалған жақсылықты бергісі келмеді.Шексіз билік пен тоқ қарынды қамтамасыз ету үшін коммунистік диктатура "азық – түлік салғырты" саясатын енгізді – бұл бүкіл Ресей империясының шаруаларын тонау болды. Коммунистік тонау нәтижесінде ашаршылық 1919-1923 жылдарға дейін Украинада, Кубаньда, Еділ бойында және Қазақстанда мұндай апатқа ешқашан тап болмаған аймақтардың халқын жоя бастады.Большевиктер ешқашан аштық құрбандарының есебін жүргізбеген, бірақ апаттың ауқымын түсіну үшін Қазақстандағы халық санының өзгеруі туралы мәліметтерге жүгіну жеткілікті. 1920 жылы ел халқы 4 781 мың адамды құраса, 1922 жылы оның саны 3 796 мың адамға дейін қысқарды. Бір миллионға жуық адам, яғни халықтың 20% - дан астамы азайды! Бұл Ресей-большевиктік оккупациясына айтарлықтай әскери қарсылық көрсетпеген қазақтарда! Украинаның немесе Кубанның шығындары туралы не айтуға болады?КСРО Коммунистік режимі қазақ ұлтының шығындары Кеңес өкіметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді деп есептеді. Сондықтан 1925 жылы Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып еңбек сіңірген коммунист Шая бен Ицик Голощекин тағайындалды, ол Филип Исаевич Голощекин деген атпен танымал болды.Бұл соңғы орыс патшасы Николай II-нің бүкіл отбасының жойылуымен танымал болған дәлелденген «қасапшы» болды.1928 жылы ұжымдастырудың "үлкен сынығы" басталғанда ол қазақтарды жіпке тізгіндеген. Бірақ Мәскеу орталығы "жалынды революционердің" ынта – жігерін халықты тонау көрсеткіштерін екі есе төмендетіп жіберді (коммунистік жаңалықта - "экспроприаторлардың экспроприациясы").Сталиндік директивалар бойынша қазақтардан тек қана: бір көшпенді шаруашылықтан 400 бас ірі қара мал (ІҚМ), жартылай көшпелі шаруашылықтан 300 бас және отырықшы шаруашылықтан 150 бас ірі қара мал (ІҚМ) алынды.Дәстүрлі экономикалық өмір салты өлімге әкелді. Егер 1928 жылы Қазақстанда ІҚМ басы 6,5 миллионнан астам басты құраса, 1932 жылы – тек 965 мың басты құрады. 1928 жылы 18,5 миллионнан астам қойдың 1932 жылға қарай 1,38 миллионнан азы қалды. Жылқы саны 3,516 миллионнан (1928 ж.) 885 мыңға дейін (1941 ж.) азайды.Көшпелі мал шаруашылығы колхоз құрылысы енгізілгенге дейін Қазақстанның экономикалық өмірінің негізі болды. Қазақтардан тәркіленген малдың көп бөлігі жай ғана қырылды. Коммунистер жануарларға ұстаудың минималды жағдайларын ұйымдастыра алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет