Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1



бет11/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Қазақ рулары — қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы. 

20-шы ғасырдың басындағы Қазақстандағы үш жүздің таралуы: қызылмен Ұлы жүз, қызғылт сарымен Орта жүз, жасылмен Кіші жүз көрсетілген


Ұлы жүз: Жалайырлар (110 мың), Ошақты (20 мың), Дулаттар (250 мың), Суандар (30 мың), Албандар (81 мың), Қаңлылар (әдетте шанышқылымен қосып есептеледі) (50 мың), Сары үйсіндер (10 мың), Шапырашты (60 мың), Сіргелі (40 мың) және Ысты (45 мың). Шамамен XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз халқы 700 мыңдай болса, 1989 – 2 милиондай болған. Дулат, Жалайыр және Суандарды ұлы жүздің саны көп рулары деп атауға болады. 
Орта жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 300 мың болған, ал 1989 – 3.1 милион. Соның ішінде: Арғындар510 мың, Наймандар 430 мың, Қыпшақтар 150 мың, Керейлер 110 мың, Уақтар 60 мың, Тарақты 10 мың және Қоңыраттар 45 мың. Орта жүздің ірі рулары деп Арғындар, Наймандар, Қыпшақтар және Керейлерді айтуға болады. 
Кіші жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 100 мың адам болды. Кіші жүз үш бірлестіктен тұрады: Әліұлы, Байұлы және Жетіру. Соның ішінде Әлімұлы жалпы 350 мың, Әлімның рулары Шектілер 80 мың, Шөмекейлер100 мың, Төртқара 60 мың, Кете 60 мың, Қаракесек 25 мың және Қарасақал 15 мың құрайды. Байұлының жалпы саны 550 мың. Байұлының ішінде: Адайлар 100 мың, Байбақтылар 40 мың, Беріштер 40 мың, Таздар20 мың, Шеркештер 45 мың, Масқар 20 мың, Тана 25 мың, Қызылқұрт – 40 мың, Алтын – 30 мың, Жаппас – 50 мың, Ысық – 20 мың, Есентемір 20 мың, Алаша – 40 мың. Жетірудің жалпы саны 300 мың. Соның ішінде: Табын 80 мың, Жағалбайлы 70 мың, Керейт 33 мың, Тама – 45 мың, Телеу - 20 мың, Кердері 20 мың және Рамадан 5 мыңға жуық. 1989 жылы кіші жүз шамамен 1,4 милион адам болды. [1] Кіші жүздің ірі рулары деп Шөмекейлер мен Адайларды айтуға болады. 
Саны 200 мыңнан асатын руларды қарасақ, жалпы қазақ халқындағы ең ірі рулар деп Арғын, Найман, Дулаттарды айтуға болады.

33. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, аумағы. Керей және Жәнібек хандардың рөлі.

XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос|этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.

Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.


Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.
Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.
Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.
1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырарсияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардыц бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алашжұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет