Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


Жер туралы ғылымдар бөлімшесі



бет44/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
тарих

Жер туралы ғылымдар бөлімшесі – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ негізінде (ҚазҰЗТУ);
Физика, математика және информатика бөлімшесі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде (ҚазҰУ);
Химия-технология ғылымдарының бөлімшесі – Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты (ҚБТУ және ҚазҰЗТУ құрамына кіреді);
Биология мен медицина ғылымдар бөлімшесі – А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы негізінде.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) негізінде;
Аграрлық ғылымдар бөлімшесі – Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) негізінде.
Ғылымның дамуына жәрдем ету мақсатында республика аймақтарында ҚР ҰҒА Орталық Қазақстан (Астана қ.), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент қ.), Шығыс Қазақстан (Өскемен қ.) және Қарағанды аймақтық бөлімшелері ұйымдастырылған. Сонымен қатар Талдықорған, Көкшетау, Тараз, Өскемен, Павлодар, Қызылорда және т.б. қалаларында ҚР ҰҒА өкілдіктері құрылған.
ҚР ҰҒА мүшелері арасында: Қазақстандағы ұлттық және тағы басқа ірі университеттердің ректорлары, ҒЗИ, ғылыми орталықтардың директорлары, жетекші жоғары оқу орындарындағы зертхана және кафедра меңгерушілері бар. «Өтпелі» қезең қиындықтарына қарамастан, елімізде көптеген ғылыми мектептер сақталғанын атап өткен жөн. Салихалы зияткерлік әлеуетке ие қазақстандық ғылым озық әрі ғылымға негізделген технологияларды жасауды өз бетімен қамтамасыз ете алады.
ҚР ҰҒА мүшелері институттардың, зертханалар мен кафедралардың жетекшілері бола отырып, математика, физика, геология, металлургия, химиямұнай химиясы, биология, медицина, аграрлық ғылымдар, тарих, мәдениет, тіл және әдебиет салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің, қазақстандық қоғамның қоғамдық-философиялық ойының одан әрі дамуына және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға лайықты үлес қосып келеді. Тәуелсіз Батыс-Еуропалық моделінің схемасы бойынша дамып жатқан Академиямыздың Жарғысына сәйкес, Академия осы уақыттан бастап өз құрамына ұжымдық мүшелерді, яғни ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарын қабылдай алады. ҚР ҰҒА құрамына 40-қа жуық ұжымдық мүше қабылданған, олар: академиялық институттар, республикамыздың ұлттық және ірі аймақтық университеттері. Алыс және жақын шетелдегі көптеген елдердің негізгі академияларымен, халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін және отандық ғалымдарына НАТО, ИНТАС, ХҒТО қорлары мен т.б ірі зерттеу орталықтардың халықаралық ғылыми конкурстарына қатысуға жол ашатын ынтымақтастық туралы шарт жасалған. Қазақстанның әлемдік кеңістікке егеменді мемлекет ретінде кіруі қазақстандық ғылымның бірыңғай халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциясына әкеледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы JAP (Халықаралық ғылыми мәселелер бойынша академияаралық Кеңесі), ХҒАҚ (Халықаралық ғылым академияларының қауымдастығы), TWAS (Үшінші әлем елдерінің ғылым академиялары), AASSA (Азия елдерінің ғылым академиялары қауымдастығы), ИЫҰ ҒАҚ сияқты бірқатар халықаралық ғылыми ұйымдардың мойындалған мүшесі болып саналады. ИЫҰ (Ислам ынтымақтастық ұйымы) ғылым академиялары қауымдастығының вице-президенті болып, М. Жұрынов сайланды. ҚР ҰҒА Азия, Еуропа елдері мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдары және фирмаларымен тығыз халықаралық байланыста. ҒЗИ және университетте жұмыс істейтін ҚР ҰҒА ғалымдары бірлескен ғылыми зерттеулерді, халықаралық конференциялар мен мәжілістер, кеңестер, тәжірибе алмасу және кадрлар дайындау жұмыстарын өткізеді. «Жасыл» энергетика саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді, ғалымдар күн энергиясын электрге айналдыратын тиімді агрегаттар жасап шығарды, жел энергиясы мен басқа да қосымша энергетика түрлерін пайдалану бойынша тың жобалар бар. Олардың барлығы Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынылатын болады. ҚР ҰҒА мүшелерінің жетістіктері ҚР ҰҒА дайындалған жылсайынғы ғылым бойынша Ұлттық баяндамасында жарық көреді. Осы Орталық, классикалық Академияның көптеген мүшелері ірі халықаралық сыйлықтары мен ҚР ғылым мен білім бойынша Мемлекеттік сыйлығына ие болады. Соңғы жылдардағы Мемлекеттік сыйлықтардың барлығын дерлік ҚР ҰҒА мүшелері академиялық институттарда орындаған жұмыстары үшін иеленген. ҚР ҰҒА Республикалық қоғамдық бірлестікке айналғаннан кейін тек екі қызметтің түрі бойынша қаржыландырылады: Ғылым бойынша жылсайынғы ұлттық баяндама дайындап шығару үшін және 1946 ж. бастап шығатын әрі әлемнің 73 еліне таратылатын сегіз академиялық журналдарды шығару үшін. 2016 жылдан ҚР ҰҒА журналдары Elsevier Scopus, 2018 жылдан жеткілікті

79. Ұлы Отан тағдырлары соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістерді депортациялау: тарихы және тағдырлары.



Начало формы

Конец формы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет