100 СҰРАҚ 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен 10 Ұлттық жобаның тізбесі бекітілді.
Ұлттық жобалар тізбесі: 1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.
2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.