Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


-2022 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономикалық реформалар



бет50/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
тарих

96. 2011-2022 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономикалық реформалар
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ел экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым бағыттарды айқындап берді. Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген. Бірінші кезең–2003-2005 жылдарға жоспарланған. Екінші кезең2005-2010-жылдар. Үшінші кезең-2011-2015 жылдарға жоспарланды.Негізгі күтілетін нәтиже-экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Жолдауды іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыәзірленді.Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталып отыр.
«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстардың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуді көздейді. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республиксының Ұлттық қорынан 2015 жылы –796 млрд. теңге, 2016 жылы –379 млрд. теңге, ал 2017 жылы –3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарланған. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алды. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысты. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді». Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. «Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.
97.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу және Ұлттық кауіпсіздік жүйесін құру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы ҚР аумағының шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тігінен өтетін жазықтық және ҚР-ның мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.
Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.
Мемлекеттік шекараны межелеуге , шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді ҚР-ның және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.
Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сәйкес айқын көрінетін шекара белгілерімен белгіленеді.
Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп- қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі.
98.Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
Бұл басымдықтар елдің дамуының орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.
99.Жаңа астана туралы бастаманы президент Н.Ә.Назарбаев көтерді.1995жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы бойынша, ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім қабылданды.1997 жылы 10 желтоқсан Президенттің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.1998 жылы маусымда салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық, демографиялық, саяси себептері болды. Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрылығының орталығы болып табылады. Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі де еске алынды.Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс. Үшіншіден, Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ақмола еліміздің географиялық орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасуымен экономиканы басқаруға да, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді. Халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша бір жақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік пен орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Қазақстанның солтүстігінің экономикасын көтеріп, демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағыттаөзгертуге қызмет етеді. Кеңестік дәуірдегі астаналар: Орынбор- 1920- 1924жж, Қызылорда-1924-29жж., Алматы-1929-1997жж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет