2. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» қабылданған заңның тарихи маңызын анықтаңыз.
КСРО-да 1985 жылғы «қайта құру» саясаты елді демократияландыруға жағымды әсер етті.Ұлт аймақтарындағы халықтардың тіліне, дініне, мәдени дамуына еркіндік лебі жетті. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тіл мәселелері Қазақстанның ішкі саяси айтыстарында жиі сөз бола бастады.Көп жылдан бері қордаланып қалған тілдің өзекті мәселелері баспасөзде үнемі көтерілетін болды. Мұның нәтижесі тілдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткі болды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңын» республиканың Жоғарғы Кеңесі 1989 жылдың қыркүйегінде қабылдады. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі деп көрсетіледі. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты. Қазақ тілінің қолданылуы аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар шеңбері күрт кеңейді.Іс қағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тілінде жұмыс жүргізе алатын хатшы-машинкашылар даярлайтын кәсіптік-техникалық училище ашылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғарғы оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды.Тілдер туралы заң орыс тілінің өзекті мәселелерінің де көтеруге мұрындық болды.Орыс тілінде сөйлеу мәдениетін арттыру,ондағы жаргон сөздердің көбеюіне тосқауыл қою әрекеттері жасалды.Қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі рөлінің күрт артуына байланысты тіл саясатының ұлтаралық қатынастарға әсері талқылауға түсіп жүрді.Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттық топтардың- украиндрдың, ұйғырлардың, немістердің, татарлардың, түріктердің де жинақты қоныстанған жерлерінде ана тілдерінде сабақ оқытатын мектептер ашу қолға алынды. Көпұлтты Қазақстан тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |