Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет6/40
Дата18.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#51080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)
1.Жаңа экономикалық саясаттың маңызы қандай?
2.Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы аштықтың себебі?
3. Жер- су реформасының жүргізілу себептері?
4. Қазақстандағы индустриялдандырудың ерекшеліктері.
5. Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың салдарынан қандай болды?
6.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44 %)

    1. Тақырып жоспары:

1. Қазақ зиялыларының жаппай қуғын – сүргінге ұшырауы.
2. Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерлерінің ашылуы.
3. Тоталитарлық жүйенің халыққа білім беру саласына тигізген әсері.
4. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.
5. Қазақ мектептерінің ашылуы.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.
Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан А.Айтиев, С.Арғыншиев, Т.Рысқұлов, Н.Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.
Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.
Қазақстан картасында Қарлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір
лагерь — Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937—1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" ұйымдастырылды.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты.Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді.
1924 жылы Қазақ АКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1939 жылы қазақ халқының арасында сауаттылық 40 пайызға жетті.
Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды. 1928 жылы Алматыда тұңғыш педагокикалық институты ашылды, 1931-1932 жылдары Орал және Қызылорда пединституты, 1929 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты, 1931 жылы Алматы медицина институты ашылды.
20- жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасауға С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. белсене қатысты.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындарының сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы" қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оку құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.
Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет