Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет8/40
Дата18.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#51080
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)
1.«Сауатсыздықты жойылсын» қоғамының құрылу мақсаты.
2.ХХ ғ. 20- шы жылдары қазақша оқулықтар жасауда үлес қосқан қазақ зиялыларын ата.
3.ХХ ғасырдың 30- шы жылдарындағы қазақ мектептерінің жағдайы қандай болды?
4. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орны.
5. Сталиннің қазақ зиялыларына қарсы қуғынды ұйымдастыру себебі.
6.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44%)
Тақырып жоспары:
1. Қазақстанда ғылымның қалыптасуы.
2. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.
3. Қазақ мәдениетінің дамуы.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.
20—30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сұлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жұмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.
Кеңес үкіметі ұлттык әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театрытұңғыш рет Қызылордада ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болған. Театрды режиссер және Ж. Шанин басқарды. Сахнада алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьессасы қойылды. 30-шы жылдардың ортасында Ақтөбеде, Шымкентте, Қарағандыда, Петропавлда театрлар ашылды.
1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі- «Аманкелді» кинокартинкасын қойды.
1934 жылы Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.
1938 жялы Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі болып, Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі атағы берілді. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жұмыс істеді.
20-30 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білім алу жүзеге асырылды. Екінші жағынан тоталитарлық жүйе күшейді.
Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуымен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет