3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)
1.3 Тақырып жоспары:
1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы.
2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
3. Сайлау құқығы..
Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Демократиялы қоғамда халық саяси процеске сайлау жүйесі арқылы қатысады.Сайлау арқылы азаматтар заң, сот, атқару органдарын қалыптасытыруға қатысады. Халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.
Сайлау құқығы конститутцияда нақтыланады. Сайлау жүйесі
мажиторлық және пропорционалдық болып екіге бөлінеді. Мажиторлық жүйе бойынша округ бойынша көп дауыс алған адам билікке ие болады.
Мажиторлықтың өзі абсолютті және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Салыстырмалы жүйе бойынша кім көп дауыс жинаса сол билікке жетеді.
Пропорционалдық жүйенің мажиторлықтан айырмасы – ол көпшілік принціпіне негізделмейді. Партияда көп дауыс жинаған депутаттар санына қарамай сайлана береді.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы – Қазақстан Респбликасының он сегізге толған азаматтардың тегіне, лауазымына, мүліктік жағдайына қарамастан , сайлауда дауыс беруге қатыса алады. Қазақстанда 1995 жылы екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата сенат 47 депутаттан , төменгі палата мәжіліс 67 депутаттан тұрады. 1999 жылы Жаңа парламентік сайлау болды.
Конситутцияда Президенттікке, Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі мен лауазымды болу шегі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президнті болу үшін тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа тоған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып, азаматтықта кем дегенде 5жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі бар, жұмыс стажы 5жыл, Республикада кем дегенде 3 жыл тұрған азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20- ға толған азаматы сайлана алады.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)
1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.