Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет30/40
Дата18.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#51080
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-1-курс

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)
1.3 Тақырып жоспары:
1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы.
2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
3. Қазақстан Республикасының рәміздері.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды..
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің

қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.


Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі қүқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды.
Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттері таныды.
1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылданған Ата заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алған тоғыз жыл ішінде екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі - 1993 жылдың қаңтарында болған еді. Бірінші Конституциясын жасауда асығыстыққа жол берілді..
Нәтижесінде Қазақстан азаматтарының тікелей еркін білдіру, бүкіл халықтық дауыс беру арқылы 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90 %-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата заң төрт бөлім, 21-тарау, 131-баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан да едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98-баптан тұрады.
Тіл туралы саясат заңды құбылыс. Өйткені тіл ұлттық мүдделердің нәзік тоғысқан қызу нүктесі. Қазір қазақ және орыс тілдерінде 8300-ден аса және одан басқа он жеті ұлт тілінде оқытатын жүздеген мектеп, 12 тілде шығатын газеттер мен журналдар, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле және радио тұрақты қызмет етеді. Тіл саясатын іске асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірқатар ұлттық мәдени орталықтарының белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсеткен жөн.
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны - дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Олар бәйгеге түскен Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 суреттемесін жеңіп шыққан.
1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында Президент Н. Ә. Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: "Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін"- деген еді. Еліміздің туы - қасиетті көк байрақ. Оның авторы - суретші Шәкен Ниязбеков
Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны - асыл қазына. Ол халық жүрегінің
лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары
ресми сапарының беташары болатыны да содан. Қазақстанның Әнұраны әуенінің авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди.
Әнұран сөздерін жазған ақындармыз - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.
Қазіргі әнұранның әуенін Ш.Қалдаяқов, сөзін Ж.Нәжмеденов және Н.Назарбаев жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет