Ақпараттық –дидактикалық бөлім. 1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына "Қазақстан-2030"-деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды.
Қазақстан жылдары ТМД елдерiнiң арасында жан басына шаққанда
шетелдiк инвестициялар тарту жөнiнен көш бастады. Осының нәтижесiнде
республика экономикасының барлық дерлiк салаларында, әсiресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншiк секторы басым бола түстi.
Қара металлургияда шойын, болат, прокат, ферросплав құю артты. Түстi металлургияда глинозем, мырыш, қорғасын, мыс т.б. өндiру өстi. Бұл жылдары тек газ-мұнай шығару кәсiп салаларын дамытуға 9,5 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Нәтижесiнде елiмiзде 2002 жылы 40 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндiрiлдi. Мұның өзi 1997 жылғы деңгейден 1,5 есе артық. Қазiрде мұнай-газ секторы мемлекеттiк
бюджеттi қалыптастырудың негiзгi көздерiнiң бiрiне айналып, республиканың жалпы iшкi өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн қамтиды.
Қазақстан экономикасында, әсiресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екенi белгiлi. Бiрақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулi дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебi – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп салалары өнiмдерiнiң арасындағы үлкен алшақтық едi.
1993 жылы кеңшарлардың басым көпшiлiгi жұмыскерлерге 6 айға дейiн жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдары 1994 жылдың қаңтарына дейiн теңгенiң жүзiнде көрмедi.
Елiмiзде тек астық өндiру ғана емес, сонымен қатар мақта, қант қызылшасы, картоп және көкөнiс өндiруде де 1998 жылға дейiн едәуiр азайып отырғаны көрiнiс тапқан. Тек 1999 жылдан бастап республиканың егiн шаруашылығы саласында оң нәтижелер көрiнiс бере бастады.
Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бiр саласы – мал шаруашылығының халi мәз болмай, едәiур төмендедi. Малдың саны жылдан-жылға азайып отырды. Мал мен құстың кемуi негiзiнен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажеттi жем-шөп аз дайындалды. Жеке шаруаларға бөлiнiп берiлген малдар өнiм берудiң орнына
сатылып кеттi, немесе ауыл тұрғындарына керектi тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бiр себебi – бұрын Қазақстан бүкiл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, ендi оны 15 миллион халыққа ғана есептеп өндiретiн болды.
Қазiр республикадағы мал басының 90 пайызынан астамы жеке шаруа
қожалықтарының қолында жинақталған.
Қазақстан үкiметi соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұлғайтуға, егiс көлемiн көбейтуге, өнiм мөлшерiн өсiруге бағытталған шараларды iске асыруда. Ауыл шаруашылығы саласындағы меншiк түрлерiне қарамастан үкiмет оларға әрдайым қолдау көрсетiп отыр. Оған
дәлел ретiнде 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 53
миллиард теңге бөлiнгенiн айтуға болады. Бұл қаржы қой өсiруге, минералдық тыңайтқышқа, мал тұқымын асылдандыруға жұмсалған. 1996 жылы Азия даму банкiсi тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде несие бөлiндi. Оның 50 миллион доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығы салаларына жұмсалды.
Ауылда шаруашылық жүргiзудiң жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемiнде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның iшiнде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндiрiстiк кооператив, 2886 шаруашылық серiктестiгi және 60 жеке меншiк кәсiпорын жұмыс iстедi.
Сөйтiп, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиiмдi шаруашылық жүргiзуге қабiлеттi меншiк иелерi қалыптаса бастады.
Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытудың жаңа кезеңi Қазақстанда өткен 2002 жылдан бастау алды. Бұл кезең /2005 жылға дейiнгi уақытты қамтуға тиiс/ аграрлық өндiрiстегi реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлерiне жеке меншiктi енгiзу және ауылдың әлеуметтiк бейнесiн жаңғырту мәселелерiмен сабақтастырыла қарастырылған.
Қазақстанның территориясы үлкен болса да, ол темiржолдың ұзындығы жағынан қазiрде көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден әлде қайда артта қалып отыр. Сондықтан тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардан бастап республика өз жерiнде жаңа темiр жолдар салу және темiр жол станциялары мен желiлердi қайтадан жаңартуға ерекше назар аударуда. Осы мақсатта "Қазақстан темiр жолы" 1998-2000 жылдар, 2001-2010, 2011-2020, және 2021-2030 жылдарды қамтитын өзiнiң болашаққа бағытталған бағдарламасын жасаған.
Елiмiз егемендiк алғаннан кейiнгi жылдары Қазақстан территориясы арқылы жетi басты халықаралық автомобиль жол дәлiздерi қызмет етедi. Бiздiң елiмiз арқылы негiзiнен транзиттiк тасымал Орта Азия, Ресей және Қытай мемлекеттерi арасында жүредi.
Қазақстан үкiметi әуе жол қатынасына үлкен көңiл бөлiп, тiкелей өзiне қарайтын мемлекеттiк "Эйр Қазақстан" авиа компаниясын құрды. Бұл компанияның қызметiнде ХХ ғасырдың 90-шы жылдары көптеген қиындықтар кездестi. Тек 2001 жылдан бастап мемлекеттiң көмегi арқасында "Эйр Қазақстан" компаниясының жұмысы едәуiр жақсара түстi. Соңғы жылдары әуе жолы арқылы жүк тасуда жеке авиа компаниялар алдыңғы қатарға шыға бастады. Олар барлық тасылатын жүк көлемiнiң 60 пайызын қамтыды.
Қазiрде Қазақстанда республикалық маңызы бар 20 әуежай қызмет етедi.
Оның төртеуi мемлекет меншiгiнде, 6 әуежай жеке компаниялардың қолында, қалғандары коммуналдық-ұжымдық меншiктерге қарайды. Республика бойынша халықаралық әуе жолдарын қамтамасыз ету тек 14 қалалық әуежайларға жүктелген. Олар: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент,
Павлодар, Семей қалалары.
Қазақстанның құбыр жолдарына мұнай құбырлары мен газ құбырлары жатады. Мұнай-газ құбырларының Қазақстанда кеңiнен салынуы ХХ ғасырдың 60-жылдары Маңғыстау түбегiнде жер асты қазба байлықтарының жаңа көздерiнiң табылуымен байланысты жедел өрiстедi. 1997 жылы 2 сәуiрде Қазақстан Президентiнiң жарлығымен
елдiң барлық мұнай құбырларын және кәсiпорындарын бiрiктiретiн "ҚазТрансОйл" ұлттық акционерлiк компаниясы құрылды. Оған Қазақстанның мұнайын сыртқа шығару, оны тасуда басқа мемлекеттердiң мұнай компанияларымен бiрiгiп қызмет iстеу, магистральдық мұнай құбырларының желiсiн дамытуға шетелдiк инвестициялар тарту, мұнай құбыры бойынша барлық ұйымдық мәселелермен айналысу жүктелдi.
Тәуелсiз Қазақстан егемендi ел болғаннан кейiнгi алдына қойған басты мақсатының бiрi - адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзiнде қамтамасыз ететiн қоғам орнату. Осы орайда әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiк пен мүмкiндiк туғызып, жоғары әлеуметтiк мәртебеге жетуiн қамтамасыз ету, экономиканың өсуi мен тұрақтануына және оның дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.
Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердiң бiрi - зейнетақымен қамтамасыз ету.
Халықтың тұрмысындағы елеулi көрсеткiш, ол - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкiметi тұсында да, одан кейiнгi жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып қала бердi.
Өтпелi кезеңде басқа салалар секiлдi медицина саласы да айтарлықтай қиындықтарды бастан кешiрдi. Қаржының тапшылығынан ауруханалар мен емханалар тұрғындарға ойдағыдай қызмет көрсете алмады.
Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейiн көтеру мақсатында Президенттiң жарлығымен 2002 жыл - Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өттi.
Өтпелi кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендiк алған кезден бастап, Қазақстанда бiлiм жүйесiнде көптеген оң өзгерiстер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгердi. Бiлiм стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдiстемесi енгiзiлдi.
Халыққа бiлiм беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсiресе, 1996-1997 жылдары үкiмет
тарапынан едәуiр айтуға тұрарлық жұмыстар жүргiзiлдi. Мәселен, тек 1999-
2001 жылдары бiлiм беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлiнiп отырған. Мұның өзi бiлiм беру саласындағы кейбiр келеңсiздiктерге алып келдi. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген
ауыл мектептерi жабылып қалған.
Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президентi жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003
жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды.
Соңғы жылдары елiмiздiң мәдениетi мен рухани өрлеуiне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениеттi қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерiн дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуiр жұмыстар атқарылды. Мәдениеттi қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объектi: 1449 кiтапхана, 681 клуб үйi, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өттi.
Елiмiздiң Президентi жарлығымен 1998 жыл - Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп атап өтiлдi. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 iрi-iрi ғылыми форумдардың өткiзiлуiмен ерекшелендi.